Марста метанның үлкен қоры бар болуы мүмкін

Марста метанның үлкен қоры бар болуы мүмкін
Фото: esa.int

Астрономдар Марстың әртүрлі аймағында орналасқан жанартаулардың құрамын зерттеу барысында метан элементінің қалдықтарын тапқан. Олардың айтуынша, газ тіршіліктің қарапайым үлгісінде пайдаланылған болуы мүмкін. Марстың жер бедерін зерттеу кезінде табылған метан қалдықтары Қызыл ғаламшарда бұрын тіршіліктің болғанын тағы да дәлелдеп отыр.

«Газдың Марстан табылуы Қызыл ғаламшарды зерттеу тарихындағы ең үздік нәтижелердің бірі болып саналады. Қазіргі кезде бұл жаңалықты NASA мен ESA астрономдары нақтылап жатыр. Расында, Марс бедерінің астында метанның үлкен қоры жатқан болуы мүмкін», - дейді Абердин университетінінің (Ұлыбритания) профессоры Джон Парнелл (John Parnell).

Айта кетсек, метеориттердің қатты қабатында да газ көп мөлшерде бар болуы ықтималдан жоғары. Себебі метеориттер мен Марстың изотоптық құрамы бірдей. Сондықтан ғалымдар метеориттер мен өзге де ғарыш нысандарын зерттеуде қарқын алып келеді.

Айта кетейік, Жердегі метанның 95%-ы органикалық негізге ие. Ғалымдар Марстағы метанның құрамын да органикалық деп нақты айта алмайды. Дегенмен, алғашқы қалдықтар жаңа зерттеулерді талап ететіні белгілі. Бұл жаңалық адамзат үшін өте маңызды болып отыр. Себебі, метан – күрделі органикалық молекулалардың тіршілігі үшін таптырмайтын газ түрі.

Ғалымдардың зерттеу жұмысы Nature Communications ғылыми журналында жарияланды.

Ж. Өрісбай