Hubble телескобы қара ұйықта болған жарылысты таспаға түсіріп алды (видео)

Hubble телескобы қара ұйықта болған жарылысты таспаға түсіріп алды (видео)

Эллипс тәріздес келетін NGC 3862 галактикасының белсенді ядроларының әрекеті нәтижесінде жиырма жыл бойы үлкен жарылыстар орын алып келген. Америкалық NASA агенттігінің ғарыштағы ең үлкен телескобы 20 жылда түсірген фотоларды біріктіру арқылы галактиканың ішкі дүмпуіне қатысты видео дерек жасады.

Аталған галактика Арыстан шоқжұлдызының Abell 1367 шоғырында орналақан. NGC 3862 галактикасы адам баласы үшін 1992 жылдан бері белгілі.

Видеода электромагнитті сәуленің вакуумдағы жылдамдығымен ұшып бара жатқан материялардың соқтығысы байқалады. Ғалымдардың айтуынша, комета тәріздес ғарыш нысандары Жерден 3000 есе үлкен болса да, жарылыстың салдары галактика диапазонында тіпті байқалмайды.

Айта кетсек, NGC 3862 ғаламдағы ең жарық галактикалардың бірі болып саналады. Жарылыс галактиканың ең белсенді ордаларының бірінде орын алғандықтан, ол жерде қара ұйықтың болуы шындыққа жанасады. Hubble өзінің рентгенді және радиотолқынды диапазондарды өлшейтін құрылғыларының арқасында галактиканың ішкі құрылымы туралы мәлімет алып отыр. Әзірге астрономдар жарылыстардың неге 20 жылға дейін созылғанын анықтаумен әлек.

Ғалымдар кометалардың пайда болу құбылысын әл күнге нақты түсіндіре алмай келеді. Әзірге белгілі болғаны галактиканың белсенді ядролық алабындағы қара ұйықтар ғаламдық тартылыс күшінің арқасында ғарыш нысандарын өзіне тартады. Қара ойықтың гравитациясынан құтылып кете алған кометалар еркін бағытта галактика аралық кеңістікке түсіп кетеді. Оларды қаңғырған комета деп атайды. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)
Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)