Жаңа жоба адамзатты аштықтан құтқарады

Жаңа жоба адамзатты аштықтан құтқарады
Фото: www.forwardthinkingarchitecture.com

Жердегі халық саны шектен тыс өскен сайын тұтыну өнімдеріне деген сұраныс мөлшері де арта түседі. Содан кейін қажет болатын азық-түлік өнімдерін жеткізу адам өміріндегі басты мәселеге айналмақ. Испан дизайнерлері бұл мәселені шешудің ұтымды жолын ұсынды.

2050 жылға қарай Жердегі халық саны 9,1 миллиардқа жетеді деп күтілуде. Ал тұтыну тауарларына деген сұраныс 70 пайызға артады. Испан сәулетшілері жасаған жоба үш түрлі шаруашылықпен айналысады. Болашақта салынғалы жатқан шаруа қожалығы балық және ауыл шаруашылығымен қатар, Күн энергиясын да өндіреді. Смарт-қожалықтар әлемнің ашыққан аймақтарына жақын жерлерде салынбақ.

Адамзаттың болашағы үшін ұтымды болатын Smart Floating Farm (SFF) концептін Испанияның Forward Thinking Agriculture компаниясының сәулетшілері ұсынды. Фермерліктің төменгі қабаты балық шаруашылығын дамытып, жылына 1,7 миллион тонна өніммен қамтамасыз етеді. Оның ішінде балықты өңдейтін арнайы тоңазытқыштар болмақ. Жоғарыда егін шаруашылығы қолға алынады.

Егінді суару жұмыстарына теңіз суын тазартатын арнайы аппараттар қолданылатын болады. Дизайнерлердің есебі бойынша, осылай жылына 8,15 миллион келі азық дайындау мүмкін екен. Ал фермерліктің шатырында Күн электр станциясы салынады.

Расында халық санының өсуі, қалалардағы урбандалу үдерісінің жылдам жүруі, егіншілікке жарамды жерлердің азаюы, сондай-ақ, ауа-райының өзгеруі адамзат үшін күрделі проблемаларды тудыратыны белгілі. Бұл табиғат мүмкіндіктерін пайдаланудың жаңа үлгілерін дайындау керек екендігін көрсетеді. 

Ж. Өрісбай