Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Жаңадан ашылған галактиканың құрамында 300 триллион жұлдыз бар

Жаңадан ашылған галактиканың құрамында 300 триллион жұлдыз бар

Жаңадан ашылған галактиканың құрамында 300 триллион жұлдыз бар

Wide-field Infrared Survey Explorer (WISE – инфрақызыл көлемді зерттеу құралы) аппараты NASA ғарыш агенттігінің ғарыштағы инфрақызыл телескобының көмегімен бұрын белгісіз болған галактиканы анықтады. Астрономдар 2009 жылы қолдануға берілген телескоп арқылы бізге дейін жеткен инфрақызыл сәулелердің көмегімен ең алыстағы галактиканы ашты. WISE J224607.57-052635.0 атауына ие болған ғарыш нысаны ғаламдағы ең жарық галактика атанып отыр. Себебі оның құрамында шамамен 300 триллион жұлдыз бар екен.

The Astrophysical Journal ғылыми журналында жарияланған мақалада галактика жарығының өлшемі тым үлкен екені нақты айтылған. Ғалымдардың айтуынша, бұл әзірге ешқандай ұқсастығы жоқ инфрақызыл жұлдыздар ордасы болуы мүмкін. Себебі галактиканың таратып жатқан жарығының 99 пайызы инфрақызыл спектрге жатады.

Жаңа ашылған галактика бізден 12,5 миллиард жарық жылына тең қашықта жатыр. Ал бізге енді жеткен инфрақызыл сәулелер аталған галактикадан миллион жыл бұрын шыққанын астрономиялық есептеулер дәлелдеп отыр. Демек, галактиканың айналасындағы жұлдыздардың шоғырлануы осыдан 1,5 миллиард жыл бұрын басталған. Сонымен қатар, ғалымдар WISE J224607.57-052635.0 галактикасының үлкен көлемде сәуле таратуын ескере, жұлдыздар тобының орталығында алпауыт қара ұйық бар болуы мүмкіндігін алға тартып отыр.

Өзге галактикалардың орталығында да қара ұйықтар бар екені белгілі. Дегенмен, олардың сәуле тарату мүмкіндігін жаңа табылған галактика қуатымен салыстыруға келмейді. Ал жұлдыздардың 300 триллионнан астам болуы қара ұйықтың қуатты екенін дәлелдейді. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: www.tumblr.com
Қосылған күні: 25 мамыр 2015, 13:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.