Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ғалымдар желден энергия алудың жаңа жолын ұсынды (видео)

Ғалымдар желден энергия алудың жаңа жолын ұсынды (видео)

Ғалымдар желден энергия алудың жаңа жолын ұсынды (видео)

Қазіргі кезде ұтымды түрде қолданылып жүрген желден энергия алатын генераторлар да бізді арзан қуатпен қамтамасыз ете алмайды. Испанияда құрылған стартап-компания осындай пікірді алға тартып, аталған әдістің жаңа жолын ұсынды.

Vortex Bladeless атауына ие жоба жетекшілері адам баласы үшін қол жетімді энергияны алу мақсатында қызмет етуде. Жаңа генераторлар бізге қарапайым жерге қадалған бағаналар секілді көрінеді. Бұл бағана тәрізді турбиналар энергия жинақтауда қолданылмақ. Ал мұнда әдеттегідей желмен айналатын қалақтар жоқ. Есесіне жел бағананының қозғалуын үдететін болады.

Әдетте инженер-құрылысшылар әртүрлі құрылыс ғимараттарын жобалау кезінде жасанды тербелуді сынақтан өткізу үшін ғана қолданады. Ал Vortex турбинасын құрастырушылар бұл тәсілді дұрыс пайдалануға болатынын айтады.

Генератор коцептіне орай, тербелу белгілі бір бағыттағы желдің үдеуімен пайда болады. Сонымен қатар, арнайы қондырылған магниттің көмегімен электр генераторларын әртүрлі типті желге бейімдеуге болады екен.

Жаңа жобаның ерекшелігі қандай?

Стартап-компанияның өкілдері жаңа турбиналар арқылы өнідірілген энергия қазіргі бағадан 40%-ға төмендейтінін айтады. Ұтымды үнемдеу Vortex генераторларының белсенді қозғалыста болатын бөлшектерінің жоқтығынан болып отыр. Одан бөлек, ешқандай артық бақылауды қажет етпей, дәстүрлі генераторларға қарағанда көпке дейін пайдаланудың мүмкіндігі болады.

Қазіргі кезде компания инженерлері турбинаның бірнеше түрін құрастырумен айналысып келеді. Сынақтан өткізу мақсатында құрылған алғашқы түрі 12 метрге жетіп жығылады. Ал дайын нұсқасы дәстүрлі генераторлармен бірдей кейіпте шығарылып, келесі жылы коммерциялық мақсатта қолдануға берілмек.

Ұқсас жазбалар: 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Генератор

Әлемдегі ең үлкен күн электр станциясы АҚШ-та іске қосылды

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: www.wired.com
Қосылған күні: 18 мамыр 2015, 10:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.