Әлемнiң ең үздiк киноқұмары

Әлемнiң ең үздiк киноқұмары

Канадалық Суреш Жоакимнің теледидарды 72 сағат бойы үзбей қараудан қатарынан екі мәрте рекорд жасаған әлемдегі бірден-бір жан иесі екендігін білесіз бе? 

Үш тәулiк iшiнде Жоаким «24 сағат» телесериалын көз алмастан тамашалап шығыпты. Бірақ, теледидардың алдынан бір елі кетпей, нәтижесінде 30 кесе кофе iшкен. Айта кетсек, канадалық азамат «Гиннестiң рекордтар кiтабына» мұның алдында да енген тұғын. Ол кезде теледидарды 70 сағат бойы үзбей қараған болып шықты. 

Бұған қоса, былтырғы қазан айында Клаудиа Вавра есiмдi немiс қызымен бiрге қатарынан 57 кино қарап, «әлемнiң ең үздiк киноқұмары» атанып та үлгерген-ді.

Сурет: digit.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига