Жапония 2018 жылы айға жер серігін ұшырады

Жапония 2018 жылы айға жер серігін ұшырады

Жапония 2018 жылы сәуірде айға ғарыш аппаратын ұшыратын болады. Жоба жүзеге асатын болса, Күншығыс елі – Ай планетасын зерттеуге ынта қойған АҚШ пен Ресей және Қытайдан кейінгі төртінші мемлекеттің қатарына қосылады. Бұл туралы Lentа.ru хабарлады.

Ай аумағын зерттейтін жапондық SLIM зонды елде 2013 жылы жасалынған Epsilon ғарыш зымыранымен ұшырылады. Ай сапары Жапония үшін 126 миллион долларға түспек. Ғарыш зерттеу орталығы Үкіметке осынау қаржат көлеміне байланысты хат түсірді. Жапондар мұнымен шектеліп қалмақ емес, келесі кезекте Марсқа сапар шегу жобасы қарастырып жатыр. Бұл жобадағы барлық іс бұған дейін астероидтарды зерттеген жапондық Hayabusa («Қаршыға») бағдарламасы бойынша атқарылады.

Дереккөзі: egemen.kz

Сурет: dpomsk.ru

Н. Айдархан