NASA мен Роскосмос бірігіп Марсты бағындырмақ

NASA мен Роскосмос бірігіп Марсты бағындырмақ

Ресейдің Роскосмос аэроғарыштық агенттігінің басшысы Игорь Комаров америкалық NASA ғарыштық агенттігімен біріге жүргізілетін жобалары туралы хабарлады. Айта кетсек, аталған екі агенттік жаңа ғарыш станциясын құратын болады. Одан бөлек Қызыл ғаламшарды бағындыру межесінде біріге жұмыс істемек. Бұл туралы Байқоңыр ғарыш айлағында өткен конференцияда айтылды.

«Роскосмос пен NASA жаңа ғарыш станциясын салуға байланысты ортақ келісімге келді», - дейді Игорь Комаров.

Ресейлік ғарыш агенттігінің басшысы болашақта іске қосылатын ғарыш станциясының қай жерде құрастырылатыны мен қашан дайын болатыныны туралы ақпарат бермеді. Дегенмен, жаңа құрылым 2024 жылы өз миссиясын аяқтайтын Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) орнын басатыны белгілі.

Айта кеткен жөн, бұл келісім туралы америкалық тарап ешқандай ресми ақпарат таратпады. NASA әзірге қазіргі қолданыста жүрген ХҒС жұмысын аяқтау мерзімін ұзарту және соңына дейін қолдау туралы келісім болғанын растады. Одан бөлек, 2030 жылға қарай Марсты бағындыру бағдарламасының біріккен күйде жасалынатынын да растады.

«Біз Роскосмостың ХҒС-сына 2024 жылға дейін қолдау білдіруіне келіскені үшін қуаныштымыз. Сондай-ақ, болашақта ғарыш жобаларын бірге жүзеге асыратын боламыз», - дейді NASA агенттігінің ресми өкілі Дэвид Уивер.

Сурет: lenta.ru

Ұқсас жазбалар: 

Марстан азот қалдықтары табылды

NASA спутнигі Марс орбитасына жетті

Марс бетінің панорамасы жасалды

Марс бетінен Эверестен де биік шың табылды (фото)

Ж. Өрісбай