Сандық фотоаппаратты қалай таңдау керек? (6-бөлім)

Сандық фотоаппаратты қалай таңдау керек? (6-бөлім)

1 - бөлім

2 - бөлім

3 - бөлім

4 - бөлім

5 - бөлім

Түсіру режимдері

 Егер сіз үлдірлі камераны қолданып көрсеңіз, бұл сізге белгілі шығар деп ойлаймыз.

Барлығында «Авто» режимі бар, ол автоматтық түсірілім. Сонымен қатар «Спорт», «Портрет», «Пейзаж» және т.б. түрлері  бар, және егер диафрагма режимі болса жақсы, себебі оның мүмкіндіктері біршама кең, егер сізге бейнеге түсіру қажет болса, "Бейне" режимі бар екеніне көз жеткізіңіз.

к

Жад карталары

Бұл түсірілімдерді орнатылған немесе алынбалы сақтайтын құрылғы (сандық «үлдір»). Сандық фотоаппараттың көпшілігінде ең қарапайым 32 МБ-тық өз жады болады, бұл әрине сіздің мүмкіндігіңізді шектейді, өйткені жоғары сапалы суреттер алғанда, суреттер саны және жылдамдығына да айтарлықтай әсері бар. Сондықтан аппаратты жеке алынбалы жадта сақтаған жөн. Сонда сіз N-санындағы карталарыңызбен еркін түсіре аласыз. Бұл тек алыс сапарларда ғана, әйтпесе жүйелі түрде дербес компьютеріңізде сақтап қоюыңызға да болады ғой. Тек карта сатып аларда оның әртүрлі стандартта екенін ұмытпаңыз. Сатушымен кеңесіп, қолдағы аппаратқа қайсысы келетінін (ұялмай) сұрап алыңыз (қымбат фотоаппаратта әртүрлі стандартта қолдаса, қарапайым фотоаппараттарда тек біреу ғана). 

к

Ең кең тарағаны: SD (ең бір қолжетімдісі); CardFlash; Memory Stick Duo.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Данияр Сәкенов

сурет: thewallpapers.org