Гипотеза: Күннің құрамында қара материя болуы мүмкін

Гипотеза: Күннің құрамында қара материя болуы мүмкін

Ғалымдар Күннің ішкі құрылымында қара материя бар екенін айтады. Жаңа гипотезаны Күннің энергиясында «Құс жолы» галактикасының орталығында болатын қара материяның қалдықтары бар екенін алға тартады. Расында қара материяның жинақталған бөлшектері көзге көрінбейді. Дегенмен оның жұлдыз құрылымындағы үлкен өзгерістерге негізгі себеп болатыны белгілі.

Бұл гипотезаны Ұлыбританиядағы Дарем Университетінің ғалымдары алға тартып отыр. Олардың айтуынша, кейбір ассиметриялық қара материялар қысым мен температураға қарай Күннің моделін құрауы мүмкін. Әйткенмен де, жұлдыздың ішіндегі қара материя газ бөлшектерінің толқынын анықтау біршама күрделі болып табылады.

Галактиканың әр аймағында орын тепкен қара материялар Күннің құрамы мен белсенділігіне әсер етуі мүмкін деген пікір осыған дейін де айтылған болатын. Британдық Daily Mail басылымының ақпарат беруінше, осал кейіпті қара материя тым үлкен жұлдыздардың тартылу күшіне қарсы антиқуаты таусылып, тартылу аймағынан шыға алмай қалады екен. Бұл қара материяның өзге де ғарыштық нысандармен байланысқа түскенде жойылып кетпейтінін білдіреді. Керісінше ол жұлдызды қара құрдымға жіберуі мүмкін. Осылай біздің жұлдыз құрамындағы қара материяның үлесі үлкейіп келеді.

Күннің сыртқы температурасы Кельвин бойынша 6 мың градусты құрайды. Ал оның ядросындағы орташа температура 15 миллион градусқа жететіні белгілі. Жоғарыда айтылған теорияның туындауына түрткі болған қысымды толқындар Күннің бетіндегі процесс болса да, оның ішкі құрылымымен тікелей байланысы бар. Олар жер сілкінісі кезінде пайда болатын қысымдалған магма толқынынан көп айырмашылығы жоқ.

Мектеп бағдарламасындағы физика (астрономия) пәнінде қара материя туралы мәлімет беріледі. Айта кетсек, қара материя – галактиканың кез келген жерінде бар болуы мүмкін, көзге көрінбейтін материяның гипотетикалық формасы. Ол бізге белгісіз нысан болғаны үшін «қара» тіркесі қосылған. Қара материяның ең басты артықшылығы ол ешқандай электромагнитті толқын шығармайды және аймақтық гравитацияға тәуелді емес. Сондықтан ғалымдар олардың тұрақты орналасу немесе айналу траекториясын анықтай алмайды. Бұл теория ғаламдағы әртүрлі астрофизикалық нысандардың қозғалыс бағыты мен олардың бір-біріне деген электромагниттік әсерлеріне қатысты гипотезалар негізінде құрылған.

Ғалымдардың айтуынша, қара материяның бөлшектері Күн ядросындағы энергияны жойып жібере алады. Сосын бұл процесс толық Күнді қамтиды. Нәтижеде Күннің қуаты азайып, сәуле тарату мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Ал энергия болмаса бүкіл Күн жүйесіндегі тіршіліктің тынысы жойылатыны анық.

Сонымен қатар, қара материяның әсері Күнде болып жатқан термоядролық синтездің жылдамдығын да тежейді. Сол үшін бүкіл ғаламға таралатын энергия межесі азайғаннан кейін, оның ядродағы сутекті синтездеуіне алып келеді. Бұл Күн қысымының төмендеуін қамтамасыз етеді.

Ғалымдар Күн құрамында қара материяның бар екенін дәлелдеу үшін жай материямен байланысқа келетін қара материяның тұрақты бөлшегін табулары тиіс. Олар осындай бөлшектің бар болу мүмкіндігіне үміт артуда. Егер ғалымдардың гипотезасы шынымен де расталатын болса, Күндегі қара материя бөлшектерін үлкен адронды коллайдердің келесі жобасында немесе қара материяны тікелей бақылаумен айналысатын обсерваториялар зерттемек.

Зерттеушілердің айтуынша, ядродағы құрылымдық өзгерістер Күннің тартылу күші мен қысымының теп-теңдігін бұзады. Ал ол тепе-теңдік бұзылса Күн жүйесінде хаос болуы ықтимал. 

Сурет: artefact-2007.blogspot.com, www.dailymail.co.uk

Оқи отырыңыз: 

Ғалымдар Үлкен дүмпу теориясын жоққа шығаруда

Айдың екінші жартысына ешқашан жарық түспейді

NASA: «Марсқа адамдар 1979 жылы қадам басқан»

Галактикамызда Жаңа Күн жүйесі қалыптасты

Ж. Өрісбай