Австралия соты 4G термині үшін Apple-ға айыппұл салды

Австралия соты 4G термині үшін Apple-ға айыппұл салды

Apple компаниясы 4G терминін қолданғаны үшін Австралия тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымына 2,25 миллион доллар айыппұл төлейтін болды. 

Компания Австралия нарығында жаңа гаджетін жарнамалау кезінде iPad with Wi-Fi + 4G деген атауды қолданған екен. Дегенмен аталған құрылғының елдегі бір де бір 4G желісіне қосыла алмайтындығы белгілі болды. 

Осылайша екі тарап арасында өткен соттан соң, Морди Брумберг компанияны Австралия тұтынушыларының құқығын бұзды деп таныды. Осы үшін компанияға тағы да 300 000 доллар айыппұл салынды.

Осы гаджетті Солтүстік Америка нарығына да енгізіп жатқан Apple осы тектес келіспеушіліктердің алдын алып, құрылғының атын өзгертті. Бұдан былай компанияның өнімі "қалта телефоны + Wi-Fi" (cellular phone+Wi-Fi) деген атпен сатылатын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан