Үш адам шахмат ойнай ала ма?

Үш адам шахмат ойнай ала ма?

Үйде тек компьютер не теледидар алдында отырғаннан, бір мезет дойбы, шахмат секілді логикалық ойындарды ойнаған абзал. Жаныңыздағы серігіңізді қарсылас етіп сайлап, ақ-қара түсті фигураларымен бөлісіп, шахқа мат қойып, миды жаттықтырған дұрыс. Шахматтың екі адамға арналған түрін бәріңіз білесіздер. Ал үш адам ойнай алатын шахмат түрін білесіздер ме?

Шахматтың үш адамға арналған түрі 1972 жылы Марсиан қоғамының негізін қалаушысы, американдық  инженер Роберт Зубрин патентеген екен. Уақыт өте келе өнертапқыштар шахматтың бұл нұсқасын әр қырынан дамытып, өзгертулер енгізіп, шахматтың авторлығын  иемденіп келді.

Дәстүрлі шахмат тақтасынан бұл нұсқаның айырмашылығы біршама айырмашылығы бар.

Шахматтың тың нұсқасының негізгі ережелері:

— Ойыншылар бір-бірімен сағат тілімен жүреді. Және ең алғашқы жүріс жеребе таңдауы арқылы шешіледі.

— Ең бірінші мат қойған ойыншы жеңімпаз атанады.

— Пешкалар тік жүретін болған соң, шахмат тақтасының жүйесіне қарай сегіз пешка төрттен-төрттен екі жаққа бөлін жүреді.

Бұл ойындағы тағы да басты ерекшелік мынадай: егер екі ойыншы бірігіп, бір ойыншыға қарсы шықса, ол жеңіліс табады. Дегенмен, дара жеңімпазды анықтау үшін жаңағы екі ойыншы өзара тағы да бақтарын сынауы керек. 

Дәстүрлі шахмат ойындарынан шаршаған ойыншылар үшін бұл нұсқа қиынға соғуы мүмкін. Алайда, басқатырғыш бұл ойын қиындығымен ерекше. Ал, талаптарына сай ойнап, қол үйреткендер алынбас асудың жоқ екенін түсінсе керек.

Сурет: sq.com.ua

Е. Жұмабайұлы