Жапония жерсерігін ұшыра алмай қалды

Жапония жерсерігін ұшыра алмай қалды

Жапония күн райының нашарлауына байланысты Танэгасима ғарыш айлағынан (елдің оңтүстігі) барлаушы жерсерігін ұшыруды кейінге қалдырды, деп жазады bnews.kz. Бұл туралы Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (ДЖАКСА) айтып отыр.

Ғарыш аппаратын бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10:21-де Н-2А ауыр зымыранының көмегімен ұшыру жоспарланған. Алайда синоптиктердің мәліметінше, дәл осы уақытта ғарыш айлағы ауданында күн райы бұзылып, аспанды түнерген қара бұлт қаптаған. Осыған байланысты жер серігін ұшыру кейінге шегерілді. 

Жапониялық барлаушы жер серігі жаңа электронды оптикалық сенсормен және екі радармен жарақтандырылған. Агенттік мамандары ғарыш аппаратын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи апаттарды болжау үшін мәліметтер жинауға пайдаланбақ. 

сурет: yaponia.biz

 

Е. Қайрахан