Ғалымдар уақыттың тоқтайтындығын айтты

Ғалымдар уақыттың тоқтайтындығын айтты

Кейбіреу уақыттың тез өтетіндігін айтып қапа болса, енді бірі оның өтпейтіндігін айтуы мүмкін. Осы туралы испан ғалымдары қызық теория жасап шығарыпты. Олардың айтуынша, уақыттың өтуі баяулап, тіпті тоқтап та қалуы да мүмкін нәрсе.

Бар гәп мынада. Бұрындары үлкен жарылыстың себебінен жұлдыздар бір-бірінен алшақтап әлемнің үздіксіз кеңею процесі өтіп жатыр, осының әсерінен уақыт деген ұғым пайда болды деген түсінік қалыптасқан еді. Әйтсе де испандық ғалымдардың айтуынша, уақытты сезіну адам баласының процестерге басынан соңына дейін бөліп-бөліп қарайтындығының себебінен орын алады. Ғалымдардың айтуынша, әлемнің кеңеюі уақыттың жай-жай баяулауына әкеле жатыр екен. Яғни, адамның уақытты қабылдауы, уақытқа деген қарым-қатынасы жаймен өзгеріп жатыр деген сөз.

New Scientist журналына берген сұхбатында профессор Сеновилла: "Уақыт осылайша, бір күні тоқтайды. Және бұл құбылыс мәңгілікке орнайды", - деді.

Осы орайда Кембридж университетінің космологы: "Уақыт үлкен жарылыстың себебінен пайда болып, өмірге келді деп есептер болсақ. Оның өлімінің болуы да сау логикаға сай келеді ғой", - деп пікір білдірді. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: futubra.com