Бақыт сезімі де қан арқылы ұрпаққа беріледі

Бақыт сезімі де қан арқылы ұрпаққа беріледі

Адамның мінезі мен ақыл-ойының қасиеттері қанмен берілетіндігі секілді, бақыт сезімі де генмен берілетіндігі белгілі болды. 

Адам баласының көңіл күйіне тікелей әсер ететін ағзадағы серотонин атты нейромедиатор екен. Бұл зат адамның миына әсер ету арқылы, көңіл-күйдің өзгерісін басқарып отырады. Серотонинді ағзамызда 5-HTT атты ген жасап шығарады. Бұл ген ағзада екі түрлі модификацияда кездеседі екен: ұзын аллельді және қысқа аллельді.

Әркім ата-анасынан мұра ретінде екі аллель алады. Ғалымдардың айтуынша, ата-анамыздан алған қос аллельдің екеуі де ұзын болса, өзімізді бақытты сезінуіміздің ықтималдылығы жоғары. 

Осы орайда ғалымдар америкалық бірнеше мың егіздерді зерттеу объектісіне айналдырып, теоремаларын тексеріп көруге ынталаныпты. Анасынан екі ұзын аллельді мұра қылып алғандығы белгілі болған жасөспірімнің 17 пайызы өзін аса бақытты адам деп есептейтіндігін айтқан. Бір ұзын, бір қысқа аллельге ие болғандардың 8 пайызы ғана өзін бақыттылардың қатарына жатқызыпты. Ал екі қысқа аллельді жасөспірімдердің барлығы дерлік өзін бақытты адам деп есептемейтіндігін жеткізіпті.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: nlptherapy.ru