Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Жылу беретін киімдер шығады

Жылу беретін киімдер шығады

Жылу беретін киімдер шығады

Америкалық ғалымдар жылу энергиясын тарататын және адамның жылу температурасын тұрақты ұстап тура алатын наносымдарды жасап шығарды. Енді ғалымдар аталған сымнан киім тігу материалын дайындауды жоспарлап отыр.

Әлемнің саясаткерлері мен ғалымдары алып ғимараттарда жұмсалатын жылу энергиясын үнемдеу мақсатында жылу беру нысандарын құрастыратын сапалы материалды табуға тырысып келеді. Ал Цуйдың зерттеуші тобы үйді емес, адамның өзін жылытуды ұйғарыпты.

«Технология адамның дәстүрлі жылу көздеріне деген тәуелділігін азайтпақ. Тіпті қыстың суығында жылы жүру үшін қалың киінудің өзі қажет болмайтын болады», — дейді Стэнфорд Университетінің жетекші ғалымы Йи Цуй.

Қазіргі кезде калифорниялық ғалымдар киім тігуге болатын жеңіл әрі дем алу мүмкіндігі бар материал дайындау үстінде. Нанометрлі диаметрге ие сымдардың көмегімен тігілген киімдерді дайындау қарапайым үлгідегі киімдерді тігуден әлдеқайда арзан болмақ.

Жаңа құрылымға ие болатын киім қоршаған ортаның жылуын сіңіріп, оны ұзақ уақытқа дейін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Зерттеушілердің айтуынша, әрбір тұтынушы термоматадан тігілген киімнің арқасында жылына 1000 киловат жылуды үнемдей алады. Орташа есеппен алғанда, бұл бір жанұяның бір айдағы жұмсайтын энергиясына тең. Сонымен қатар, ғалымдар жылу саласында пайдаланылатын энергияның жартысынан көп бөлігі үйлер мен ғимараттарды жылытуға жұмсалатынын анықтаған. Енді осы шығынды 3 есе үнемдеуге болады.

Зерттеу жұмысының нәтижелері Nano Letters ғылыми журналында жарияланды.

Сурет: blog.shootq.com

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 09 қаңтар 2015, 16:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.