Анонимді видеоның авторын анықтаудың әдісі табылды

Анонимді видеоның авторын анықтаудың әдісі табылды

Жаңа зерттеулердің нәтижесі бойынша, құпия түрде түсірілген видеоның операторын анықтау бармақ ізімен табу секілді оңайға түсетіні белгілі болып отыр. Ол қалай дейсіз бе? Нақтылап көрелік.

Түйме тәрізді жасырын немесе GoPro квадракоптерінің иесі түсірілім кезінде биометриялық із қалдырып кетеді екен. Иерусалимдегі Еврей Университетінің ғалымдары видеодағы діріл арқылы оның операторын табу мүмкін екенін дәлелдеді. Зерттеушілердің айтуынша, қалдырылған биометриялық із нақты бір адамға тиесілі болады екен.

Бір ғана видео арқылы жеке адамды анықтау оңай емес. Дегенмен бірдей із қалған бірнеше видеоларды салыстырып қарау арқылы нақты ақпаратты алуға болады.

Ғалымдар бұл әдіспен анықтаудың жақсы және жаман жақтарын көріп отыр. Мысалы, Google Glass секілді құрылғы қолданушы туралы жеке ақпаратқа кіру талабын көрсететін камераның қимыл әрекетін қолдануы мүмкін. Басқа жағынан алып қарасақ, биометриялық ізді анықтау үшін маманданған қызметкерлер дайындалмаса, құқық қорғау мекемелері қылмыскерді шатастырып алады.

Одан бөлек, 2D-видеоны арнайы бағдарлама арқылы тұрақтандыратын болса, жеке басты анықтау қиындай түседі. Ал одан да жоғары сапада түсірілген видеоның нұсқасы өңделсе, мүлде тану мүмкін болмай қалады. Бірақ дірілді барынша азайтып түсіретін әмбебап камералар шыққанға дейін бұл әдістің көпке пайдасы тиері анық.

Сурет: nativemobile.com

Ж. Өрісбай