Солақайлар туралы 13 қызықты факті

Солақайлар туралы 13 қызықты факті

Ардақты Массагеттің оқырмандарына солақайлар туралы кейбір қызықты фактілерді ұсынамыз:

  • Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен.
  • Халықаралық "Солақайлар күні" реми түрде 13 тамызға бекітілген. Бұл күнді белгілеу туралы шешім 1992 жылы қабылданған.
  • Солақайлық әр кезеңдерде әр түрлі бағаланып келген. Кейбір халықтар бұл қасиетті әдет ретінде түсінсе, бір халық жынның белгісі ретінде қабылдаған.
  • Нью-Йорктегі Сэйнт Лоуренс универститеті ғалымдарының зерттеуінің нәтижесі бойынша ақылдылық коэффициенті солақайларда жоғарырақ болады екен. Мәселен, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин және Бенжамин Франклин солақай адамдар болған.
  • 40-тан асқан әйелдің баласының солақай болып туылу ықтималдылығы өте жоғары болады.
  • Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп біледі. Мароккода солақайларды  s’ga, яғни, жын деп атайды. Солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды.
  • Адам баласының 90 пайызы оңақай болса да, жан-жануарларда бұл икем тең бөлінген.
  • Ғалымдардың айтуынша, солақайлар математика, архитектура секілді кеңістікке байланысты ғылымдарға икемдірек болады.
  • Солақайлық ұрпаққа қанмен беріле береді.
  • Солақай жандардың миының оң және сол бөліктерінің байланысы өте сапалы. Осының әсерінен олар тез ойлайтын, тез шешім қабылдайтын болып келеді.
  • Әлемдегі 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемде жұмыс істей береді.
  • Сәбиді етпетімен жатқызғанда оңақайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді екен.
  • Әлемге әйгілі болған солақайлардың арасында  Пол Маккартни, Билл Гейтс, Фидель Кастро, Генри Форд, Чарли Чаплин, Александр Великий, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Льюис Кэрролл, Юлий Цезарь, Моцарт, Бетховен, Ницше, Марк Твен , Прокофьев, Гете, Кафка секілді планета мақтаныштары бар.

 

Дайындаған: Ғани Тұрғымбеков

сурет: portal-i.ru

Л. Лига