Денеңіз туралы сіз білмеген деректер #2

Денеңіз туралы сіз білмеген деректер #2

Адамзат баласы білген сайын білмейтіні де қатар арта береді. Толағай қызықтардың тереңіне бойлаған сайын тұңғиығына бата бересің. Адам миының 1 минутта 1000 сөз оқи алатынын, көз бұлшық еттерінің 1 күнде 100 000 рет қозғалатынын, сіріңке қорабының көлеміндей ғана сүйегіміздің 9 тонна салмақты көтере алатын біз өткен жазбамызда айтқан едік. Ал адам денесінің мынадай сенгісіз қасиеттерге ие екенін бұрын-соңды біліп пе едіңіз?

1. Адам ДНҚ-сы мен қарапайым банан ДНҚ-сы 50% ұқсайды.

2. Денеңізге 1 кг май немесе 1 кг бұлшық ет қосылса, денеңізде 10 км-дей жаңа қан тамырлары  қатар пайда болады екен.

3. Ай сайын адам баласы өзінің терісін жаңалап отырады екен, сөйтіп жылына 40 килограмм тері тастайтын көрінеді.

4. Адам денесінде 1 секундта  25 миллион жаңа жасуша пайда болады екен.

5. Адамдар биолюминесцентті (биолюминесценция дегеніміз - тірі ағзалардың жарық шығаруға қабілеттілігі) және түнде жанады. Бізден бөлінетін сәуле біз көріп жүрген жарықтардан 1000 есе әлсіз.

6. Көзіңіздің бұлшық еттері күніне 100 000 рет қозғалады екен. Ал аяғыңыздың бұлшық еттері бұндай қозғалысты сезінуі үшін 80 км жол жүру керек.

7. Миымыздағы нейрондардың бірігуі Жер шарының құрылымына ұқсайды. Нақтырақ айтқанда, миымыз жер шарының үлгісінде жасалған.

8. 90 пайызға жуық жасушаларымыздың арқасында, біз адамнан гөрі саңырауқұлақтар мен бактерияларға ұқсаймыз.

9. Адамның 5 сезу мүшесі барын бәріміз білеміз. Олар: есту, көру, дәм және иіс сезу, ойлау. Сонымен қатар, басқа да 15 қасиетке ие екен. Оларға тепе-теңдік, температура, ауырсыну, уақыт, ішкі сезімдер: булығу, аңсау,  зерігу және  т.б.

10. Сіз өзіңің ойлағаннан гөрі әлдеқайда байсыз. Неге десеңіз, әрқайсымыздың қан құрамымызда шамамен 0,2 милиграмм алтын бар. Бірақ, өкінішке орай, 8 граммдық бір монета жасау үшін 40 мың адамның қанын «төгу» керек екен.

11. Біздің миымыз адам денесінің 2%-ые ғана құрағанмен, ағзамыз қоректеніп жатқан оттегі мен калорияның 20%-ын пайдаланады екен.

12. Кейбір әйел адамдар басқа адамдарға қарағанда көбірек түс көреді. Адамдардың басым бөлігінде түс рецепторының 3 түрі бар, ал осындай әйелдерде 4 немесе 5 түрі бар. Бұл оларға көбірек түстер шоғырын көруге мүмкіндік береді.

13. Кейбір адамдар дыбыстың дәмін татып көрсе, кейбірі түстің дыбысын ести алады екен. Адамның бұл күйі «синестезия» (синестезия — қосарласқан түйсік) деп аталады.

14. Жылау күйзелісті жояды және ашу-ыза мен кектенуден арылтады. Оған қоса, қиын мәселелерді шешуге физикалық тұрғыда көмектеседі.

15. Жалғыздық адамға физикалық тұрғыда ауру туғызады. Егер, денем ауырмасын десеңіз, достарыңызбен бірге болыңыз.

16. Біздің жылау себебімізге карай көз жасымыздың құрамы да әртүрлі болады екен. Қайғы-қасіреттен шыққан көз жасын, пияз турағанда шығатын көз жасымен микроскоп арқылы қарасақ, көрінісі екі басқа екенін білуге болады.

Сурет: 3.bp.blogspot.com

Е. Жұмабайұлы