Онкологиялық аурулардың дауасы – көк шәй

Онкологиялық аурулардың дауасы – көк шәй

Біраз адам өз күнін қарапайым шәй ішуден бастайды. Дегенмен, тұтынушылардың көп бөлігі шәйдің тамаша дәмі мен хош иісінен басқа да пайдалы қасиеттері бар екенін біле бермейді.

Сингапур ғалымдары онкологиялық ауруларды емдеу әдіснамасында үлкен жетістікке жеткендерін айтады. Оларға осындай үдеріске жетуге көк шәй көмек беріпті. Көк шәйдің ең таза сұрпы арқылы ғалымдар қатерлі ісікпен ауыратын науқастың ағзасына қажетті дәріні толық жеткізе алған. Сингапурдың Биоинженерия және Нанотехнология Институтында (IBN) тәжірибеден өткізілген жаңа тасымалдау жүйесі арқылы жеткізілетін галлат эпигаллокатехин мен катехин секілді өте қуатты антиоксиданттар қарапайым көк шәйдің жапырақтарында бар болып шыққан.

"Біз көк шәйді тасымалдау сұйықтығы ретінде ғана емес, онкологиялық ауруларға қарсы күресуге әсер ететін дәрумен ретінде де қолданатын боламыз. Нақтырақ айтатын болсақ, ол ақуыз препараттарының орнын басатын дәрумен бола алады және науқастың жылдам сауығуына демеу болады", - дейді тілшілермен сұхбаттасқан бас дәрігер Мотоичи Курисава.

Дегенмен, тәжірибеден өтіп жатқан жаңа химиятерапиялық әдістің ең бір кемшілігі ауру жұқтырылған ұлпаларды жоюмен қатар, оған сыбайлас болған өзге де ұлпа мен ағзаларды жоя беретіні болып отыр.

Қазіргі кезде ғалымдар жаңа әдістің жан-жақты мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Әзірге оның толық тәжірибеден өтіп, емдеу жолында қолданылуы біршама уақытты талап етеді. Дегенмен, сингапурлық ғалымдар өздері ұсынған жаңа әдістің болашақта көптеген елде қолданылатынына сенімді болып отыр.

Сурет: acneeinstein.com

Ж. Өрісбай