Әлемдегі ең үлкен көзді ит Гиннесс кітабына енгізілді

Әлемдегі ең үлкен көзді ит Гиннесс кітабына енгізілді

Бруски деп аталатын Бостон-терьер тұқымды ит Гиннесс кітабына ең үлкен көзге ие ит ретінде жазылды. Оның көздерінің диаметрі шамамен 2,8 сантиметрге жетеді. 4 жасқа келген Бруски өзінің 18 жасар қожайыны Виктория Ридпен бірге Техас штатында өмір сүруде. 

Викторияның әке-шешесі, достары, иттің көзіне назар аудармағанға дейін, ит қожайыны төбеттің мұндай ерекшелігіне жіті мән бермеген көрінеді. 

Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайтында 2011 жылы Брускидің көзі шарасынан шығып кетті деп хабарланған. Итті жедел түрде ауруханаға жеткізіп, оның көзін дұрыстау қажет болған. 

Қазір ит сау көрінеді, алайда зақымданған көзі аздап қылиланады екен. 

Брукси теннис добымен ойнауды, қожайының төсегінде ұйықтауды ұнатады-мыс. 

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM