Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Барлық шай бір ғана өсімдіктен жасалады...

Барлық шай бір ғана өсімдіктен жасалады...

Барлық шай бір ғана өсімдіктен жасалады...

Назарларыңызға әлемдегі қызықты деректерді ұсынамыз.

Барлық шай үлгілері мен сұрыптары оны шай жапырағын қалай өңдегеніне байланысты. Өз кезегінде барлық шай түрлері тек бір ғана өсімдіктің жапырағынан жасалады. Өсімдік аты - Камелия.

Стамбул - бірдей екі құрлықта орналасқан әлемдегі санаулы мегаполистердің бірі. Қала тарихына көз жүгіртсек, бұрынырақта бұл қала 10 Рим императоры мен 80 Византия патшасының, 30 Осман сұлтанының ордасы болған.

Мүсәтір спирті қол түсін өзгерте алады. Мысалы, көгілдір, күлгін түсті гүл жапырақтары жасыл түске, қою қызыл жапырақтар - қара түске, ақ гүлдер - сары түске ауысады. Әсіресе қатты өзгеріске ұшырайтын гүлдердің бірі - ала түстілер. Сонымен қатар, жаратылысынан иісі жоқ гүлдер аммиакпен өңделгеннен соң, ғажап иіске ие болады.

Ереже бойынша, футбол қақпасының ені 7 метр 32 сантиметр, ал биіктігі 2 метр 44 сантиметр. Әлем халқы қақпаның дәл осы өлшеммен құрылғанын еш түсіне алмайды. Түсіне алмауының себебі тұманды Альбион халқының өлшем бірліктерінің басқа екендігінде. Олардың есептеуінше, қақпа ені 8 ярд ал биіктігі 8 фунт.

Чипс алғаш рет 1853 жылдың 24 тамызында "Moon Lake Lodge" қонақ үйінің мейрамханасында дайындалған. Ал осы асты дайындаған адам мейрамхана шеф-аспазшысы Джордж Крам. Ол бұс асты тым талап етуші клиентті күлкі қылдыру үшін әзірлеген екен. Неге десеңіз, осы оқиғадан бірнеше күн бұрын жаңағы клиент картоп тілімдері тым  қалың және қатты қуырылғанына наразылық білдірген. Міне, осылай әлемдегі ең танымал тағам түрі дүниеге келді.



Інжу өңдеуді қажет етпейтін әлемдегі жалғыз минерал болып есептеледі. Табиғатта інжудің бар-жоғы 8 конфигурациясы (пішін үйлесімі) кездеседі: нүкте, тамшы, алмұрт, сопақ, жарты дөңгелек, дөңгелек, қисынсыз форма және сфера.

Оңтүстік полюсте белгіленген ең жоғары температура -12,3 (нөлден төмен) градус болып саналады.

"Гиппопатам" сөзінің мағынасы "су жылқысы" дегенді білдіреді. Алайда бұл жануар жылқы тобы емес, шошқа тұқымдасы болып есептеледі.

Гитлер премьер-министр болмай тұрып, Германия азаматтылығын тек 1932 жылы алған көрінеді. Бұған дейін ол Австрия құзырындағы азамат қатарында болған. Ал 1925-1932 жылдары оның мүлдем азаматтығы болмаған. Ол Германия азаматы ретінде бар-жоғы 13 (1932-1945) жыл өмір сүрді.

Сурет: zastavki.com, fantasyfootballcup.com

6848 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 01 маусым 2012, 12:42
Пікірлер
+0
01 маусым 2012, 14:23

қызық екен

+0
01 маусым 2012, 15:34

шайды жақсыыы көрем! шай ішпесем басым ауырады!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...