Эштон Катчер Стив Джобстың рөлін сомдай ма?

Эштон Катчер Стив Джобстың рөлін сомдай ма?

Стив Джобс, Стив Возняк және Рональд Уэйн 1976 жылы Apple компаниясының негізін салды. Джобстың компьютерлік технологияларда жеткен биіктерін саралай отырып, онымен иықтасып тұра алатын адамның саны саусақпен санарлық деген тұжырым жасауға болады. Сөз жоқ, оның адамзат баласына жасаған қажырлы еңбегі өлшеусіз.

Эштон Катчер Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобстың рөлін "Jobs: Get Inspired" фильмінде сомдайтын сияқты. Бұл туралы тұжырымды Эштонның қара жемпір мен көк джинсы шалбарын киген суретіне қарап айтуға болады. Әртісті кино түсірілімнің алаңына қарай беттеген кезде суретке түсіріп алған болатын. Жақында бұл суреттерді TMZ БАҚ жариялаған. Айтпақшы, бұл басылымның жасаған сауалнамасына қатысқан адамдардың 62 468- і Эштонды Джобстың рөліне өте лайықты деп таныған.

Джобс мырзаға оның қара жемпірі ұнағаны соншалықты, өзінде дәл сол үлгінің бірнешеуі болған. Стив Джобстың апасы Мона Симпсон өткен жылдың қазан айында болған жерлеу рәсімінде былай деген екен: "Стивтің қара жемпірлері көп. Тіпті, ол жемпірлер осында жиналған барлық адамға жетер еді".

Джобс жайлы "Jobs: Get Inspired" биографиялық киносының түсірілетіні туралы өткен айда ғана белгілі болды. Кинода 1971-2000 жылдар аралығы суреттеледі. Бұл киноның продюсері Марк Хальм болса, Стив Возняктың рөлін Джош Гэд сомдайтын болады. Киноның режиссері - Джошуа Майкл Штерн. Желіде таратылған мәлімет бойынша, бұл киноның көрсетілімі осы жылдың төртінші маусымында болмақ. Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылы  5 қазан күні 56 жастағы Стив Джобс өмірден озған еді.

Cуреттер: www.3dnews.ru