Үшінші "айпадтың" сатылымы басталды

Үшінші "айпадтың" сатылымы басталды

Apple компаниясының жаңа iPad қол компьютерінің үшінші ұрпағын еліміздегі дүкен сөрелерінен 11 мамыр күні көруге болады. 

Үшінші ұрпақтағы планшетті компьютердің ресми сатылымы Алматыда сағат 19.00-де басталса, Астана қаласындағы бұл гаджеттің сатылымы келесі күні сағат 12.00-ге белгіленген. Бір айтары, жаңа ұрпақтың ескісіне қарағандағы бағасы айтарлықтай ерекшеленбейді, ал жаңа iPad-тың ең үздік үлгісі алдыңғысынан сәл ғана арзан болатыны белгілі. Қолданушылар жаңа планшеттің ақ немесе қара түсті үлгілерін таңдай алады. Жаңа техно "ойыншықтың" бағасы жинақталуына байланысты 99 399 (16 гигабайт жады) теңгеден басталып, 159 999 (64 гигабайта жады, 4G технологиясын қолдайды) теңгеге дейін барады.

Жаңа құрылғы 1 гигагерц жиілігінде жұмыс істейтін Apple A5X процессорымен жабдықталған. Жаңартылған экран да айтарлықтай ерекшеленеді. Бұған қоса, қолданушы екі бірдей камерамен жұмыс істей алу мүмкіндігіне қол жеткізе алады. Беткі камераның шешуі 0,3 мегапиксель (VGA) болса, негізгі құрылғының шешуі 5 мегапиксель. Бұған қоса, құрылғының аккумуляторлық батареясы 10 сағатқа дейін жұмыс істей алады.

Үшінші "айпад" 0,6 миллиметрге жуандағанымен, сыртқы дизайны өте әдемі. Корпус материалдарына шыны мен аллюминий қолданылған. Жаңа құрылғы Apple OS 5.1 операционды жүйе негізінде жұмыс істейтін болады.

Сурет: REUTERS/Mark Blinch©