Әр елдің электр жүйесіндегі түрлі стандарттарына шолу

Әр елдің электр жүйесіндегі түрлі стандарттарына шолу

Шетелге саяхатқа шығар алдында өзімізбен бірге көптеген электронды гаджеттерді (мысалы, электронды ұстара, планшет, ноутбук, электронды кітап, фотокамера, MP3 және тағы басқалары) ала кетеміз. Алайда көпшілігіміз әлемнің әрқилы елдерінде өздеріне тән электр жүйелерінің бар екенін әркез біле бермейтініміз анық. Бұл жердегі электр жүйесі деп отырғанымыз, электр ашалары (вилка) мен розеткаларының  стандарттары, токтың жиілігі мен кернеуі және оның күші.

Сол себепті де басқа елге сапарға шықпас бұрын ол жердегі электр желісінің жүйесі жөнінде ақпараттарды біліп алғанымыз абзал.

Олай болмаған жағдайда, діттеген жеріңізге жеткеннен кейін өзіңізбен бірге алып келген электр құрылғыларыңызды қуаттамақ түгілі, оны желіге жалғап тікелей жұмыс жасау мүмкіндігінен де айырылып қалуыңыз әбден мүмкін.

Әдетте ноутбук, мобильді құрылғылар, видеокамералар мен фотоаппарат сияқты көптеген электронды құрылғылардың қуаттандырғыш блоктары (блок питания) әмбебап түрде қуат алатындай етіп жасалынады. Сондықтан да олар 100-ден 240 Вольт кернеу аралығында, 50 немесе 60 Гц ток жиілігінде еркін жұмыс жасай алады.  

Назарларыңызға әлемнің әртүрлі елдерінде қандай ток кернеуі мен жиілігі қолданылатынын бейнелейтін картаны ұсынамыз.

1

Көріп тұрғаныңыздай, электронды құрылғылар мен гаджеттердің көбі әртүрлі елдердегі электр жүйелерінің кең диапазонында жұмыс жасауға бейімделген. Бірақ осы тұста электр жүйелеріндегі электр ашалары мен розеткаларының әртүрлілігіне байланысты ескере кетуіміз тиіс өте маңызды жәйт бар. Әр мемлекетте ашалар мен розеткалардың стандарттары түрліше болып келеді. Сол себепті де сіз өз еліңізден алып келген ашаны бірден барып розеткаға сала алмауыңыз мүмкін.

Назарларыңызға әлемнің әртүрлі елдерінде қандай электр ашалары мен розеткаларының типтері пайдаланатынын бейнелейтін картаны ұсынамыз. 

2

Байқап отырғаныңыздай, барған еліңізде электр жүйесіндегі осындай түсініспеушіліктің алдын алу үшін өз еліңізде соған сәйкес келетін құрылғыңызды қуаттайтын жалғастырғыш тетік (переходник) немесе адаптерді алдын-ала сатып алғаныңыз жөн. Бүгінгі таңда көптеген елдердің электр желілеріндегі стандарттарға сайма-сай келетін әмбебап жалғастырғыш тетіктер де сатылады. Дегенмен де бөтен елге саяхаттау алдында ол жердің электр жүйесінің стандарты, ашалары мен розеткалары жөніндегі ақпараттарды біліп алғаныңыз артық етпейді.

Сонымен, алдымен әлемде бар электр ашалары мен розеткаларының стандарттары жөнінде мәліметтерді фотолар мен олар жөнінде жазылған қысқаша түсініктеме арқылы біліп алайық. Төменде жазылған ақпараттардан сіз америкалық, еуропалық, жапондық, аустралиялық және тағы да басқа елдердің розеткалары мен ашалары қандай екеніне көзіңізді жеткізе аласыз.

Әлем елдеріндегі электр розеткалары мен ашаларының типтері

А типті – бұл америкалық электр розеткасы және ашасы. Ол өзара параллель орналасқан екі тегіс контактіге ие. Көбінесе Солтүстік және Орталық Америка елдерінде, оның ішінде Құрама Штаттар, Канада, Мексика, Венесуэла және Гватемала, сондай-ақ Жапонияда кеңінен таралған. Одан бөлек, мұндай типтегі розеткалар мен ашалар кернеулігі 110 В құрайтын кез-келген елде қолданылады.

3

В типті – бұл да А типті ажыратқыш сияқты. Бірақ оның қосымша дөңгелек түйісу контактісі бар. Көбінесе А типті ажыратқыштар қолданылатын елдерде таралған. 

5

С типті – бұл еуропалық розетка және аша. Оның өзара параллель орналасқан дөңгелек екі бірдей контактісі бар. Бұл типте үшінші түйісу контактісі жоқ. Ол Ұлыбритания, Ирландия, Мальта және Кипрден бөлек Еуропаның көптеген елдерінде пайдаланылады. Оның жұмыс жасау кернеулігі 220В құрайды. 

4

D типті – бұл үшбұрыш формасындағы үш дөңгелек контактісі бар (біреуі қалған екеуіне қарағанда қалыңырақ) ескі британдық стандарт. Розетканың бұл стандарты максималды ток үшін қолданылады. Үндістан, Намибия, Непал және Шри-Ланка елдерінде таралған.  

6

Е типті – бұл дөңгелек екі контактісі және розетканың ұяшығында орналасқан тұйықтау контактісінің астында тесігі бар аша. Розетканың мұндай типі қазіргі кезде Польша, Франция және Бельгияда қолданыста.

7

F типті – бұл Е типіне ұқсас келетін стандарт. Бірақ бұл жерде дөңгелек түйісу контактісінің орнына ажыратқыштың екі жағынан металлдан жасалған екі қысқыш болады. Бұл стандарт Германия, Аустрия, Голландия, Норвегия және Швеция елдеріне тән.

8

G типті – бұл құрамында үш тегіс контактісі бар британдық розетка. Қазіргі кезде Ұлыбританияда, Ирландияда, Мальтада, Кипрде, Малайзия, Сингапур мен Гонконгте қолданылады. Ескерте кететін жәйт – көбінде розетканың бұл типінде өзімен бірге ішкі сақтандырғыш (предохранитель) жұмыс жасайды. Сондықтан, егер құрылғыны қуаттауға қосқан кезде ол қосылмай тұрса, бірінші кезекте сақтандырғыштың жұмысын тексеру қажет.  

9

H типті – бұл ажыратқыштың түрі тек Израиль мен Газа секторында ғана қолданылады. Құрамында үш тегіс контакті бар. Ал оған дейінгі нұсқаларында В әрпінің формасында топтастырылған дөңгелек контактілер болды. Оған тек өзіне ғана арналған ашалар сыйымды. 220В кернеу мен 16А ток күшіне арналған.  

10

I типті  - бұл америкалық А типті ажыратқыштағыдай тегіс екі контактісі бар аустралиялық розетка. Алайда А-дан айырмашылығы I типіндегі контактілер В әрпінің формасында бір-біріне бұрыш жасай орналасқан. Сондай-ақ тұйықтау контактісі бар нұсқасы да кездеседі. Мұндай типті розеткалар Аустралия, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея мен Аргентинада қолданысқа ие.

11

J типті – бұл швейцариялық розетка мен аша. Сыртқы түрі жағынан С типті ашаға келіңкірейді. Алайда ортасында қосымша тұйықталу және екі бірдей дөңгелек қуаттандыру контактілері бар. Швейцария, Лихтенштейн, Эфиопия, Руанда мен Мальдивте пайдаланылады.

13

К типті – бұл даттық розетка мен ашасы. Ол танымал еуропалық С типті розетканың баламасы ретінде қолданылады. Бірақ ажыратқыштың төменгі жағында қосымша тұйықтау контактісі бар. Негізінде Дания мен Гренландияның базалық стандарты ретінде белгілі. Одан бөлек, Бангладеш, Сенегал мен Мальдивте де пайдаланылады.

13

L типті – бұл итальяндық аша мен розеткасы. Бұл да еуропалық С типті ажыратқышқа өте ұқсас. Айырмашылығы – ортасында қосымша дөңгелек тұйықталу және ерекше сызық бойында орналасқан дөңгелек контактілері бар. Көбінесе Италияда, одан бөлек Чили, Эфиопия, Тунис пен Кубада қолданылады.

14

М типті – бұл құрамында үшбұрыш формасында орналасқан үш дөңгелек контактісі бар африкалық розетка мен аша. Тұйықтау контактісі екеуіне қарағанда қалыңырақ келеді. D типіне ұқсас болғанымен, оның контактілері қалыңдау. 15А ток құрылғыларды қуаттандыру үшін пайдаланылады. ОАР, Свазиленд мен Лесотода кең таралған.

14

Естеріңізде болсын! Кейбір мемлекеттердің ішінде облыс немесе аймақтарына қарай әртүрлі электр жүйелерінің стандарттары жұмыс жасайды. Мысал ретінде Бразилия мен Мальдив елдерін айтсақ болады. Сондықтан сізге баратын еліңіздің ішіндегі белгілі аймақтың стандартын біліп алғаныңыз маңызды. Егер бір елдің ішінде бірнеше стандарт қолданылатын болса, ол төмендегі кестеде көрсетілетін болады. 

АЗИЯ

ЕЛДЕР

АЖЫРАТ.

КЕРНЕУ

ЖИІЛІК

Ауғанстан

C,F

220 В

50 Гц

Сауд Арабиясы

A,B,F,G

110 В / 220 В

60 Гц

Бахрейн

G

230 В

50 Гц

Бангладеш

A,C,D,G,K

220 В

50 Гц

Бутан

D,F,G

230 В

50 Гц

Бирма

C,D,F,G

230 В

50 Гц

Қытай

А,I,G

220 В

50 Гц

Кипр

G

240 В

50 Гц

Филиппины

A,B,C

220 В

60 Гц

Үндістан

C,D

230 В

50 Гц

Индонезия

C,F,G

127 В / 230 В

50 Гц

Ирак

C,D,G

230 В

50 Гц

Иран

C,F

230 В

50 Гц

Израиль

H,C

220 В

50 Гц

Жапония

A,B

100 В

50 Гц / 60 Гц

Йемен

А,D,G

220 В / 230 В

50 Гц

Камбоджа

A,C

230 В

50 Гц

Катар

D,G

240 В

50 Гц

Оңтүстік Корея

A, B,C,F

110 В / 220 В

60 Гц

Солтүстік Корея

A,C

110 В / 220 В

60 Гц

Кувейт

D,G

240 В

50 Гц

Лаос

A,B,C,E,F

230 В

50 Гц

Ливан

A,B,C,D,G

110 В / 220 В

50 Гц

Макао

D,G

220 В

50 Гц

Мальдивы

А,D,G,J,K,L

230 В

50 Гц

Малайзия

G

240 В

50 Гц

Монғолия

C,E

220 В

50 Гц

Непал

C,D

230 В

50 Гц

Оман

G

240 В

50 Гц

Пәкістан

C,D

220В

50 Гц

Сингапур

G

230 В

50 Гц

Шри-Ланка

D

230 В

50 Гц

Сирия

C,E,L

220 В

50 Гц

Тәжікстан

C,l

220 В

50 Гц

Таиланд

A,C

220 В

50 Гц

Тайвань

A,B

110 В

60 Гц

Түркменстан

B,F

220 В

50 Гц

Түркия

C,F

230 В

50 Гц

Өзбекстан

C,l

220 В

50 Гц

Вьетнам

A,C,G

127 В / 220 В

50 Гц

Z.E.A.

G

220 В

50 Гц

АФРИКА

ЕЛДЕР

АЖЫРАТ.

КЕРНЕУ

ЖИІЛІК

Алжир

C,F

230 В

50 Гц

Ангола

C

220 В

50 Гц

Бенин

E

220 В

50 Гц

Ботсвана

М

231 В

50 Гц

Буркина Фасо

C,E

220 В

50 Гц

Бурунди

C,E

220 В

50 Гц

Чад

D,E,F

220 В

50 Гц

Джибути

C,E

220 В

50 Гц

Мысыр

C

220 В

50 Гц

Эфиопия

D,J,L

220 В

50 Гц

Гана

D,G

230 В

50 Гц

Гвинея

C,E

220 В

50 Гц

Камерун

C,E

220 В

50 Гц

Кения

G

240 В

50 Гц

Конго

C,E

230 В

50 Гц

Либерия

A,B

120 В

60 Гц

Ливия

D,L

127 В

50 Гц

Мадагаскар

C,E

220 В

50 Гц

Малави

G

230 В

50 Гц

Мали

C,E

220 В

50 Гц

Марокко

C,E

127 В /     220 В

50 Гц

Мавритания

C

220 В

50 Гц

Маврикий

C,G

230 В

50 Гц

Мозамбик

C,F,М

220 В

50 Гц

Намибия

М

220 В

50 Гц

Нигер

A,B,C,D,E,F

220 В

50 Гц

Нигерия

D,G

240 В

50 Гц

ОАР

М

220 В / 230 В

50 Гц

Орталық Африка Республикасы

C,E

220 В

50 Гц

Руанда

C,J

230 В

50 Гц

Сенегал

C,D,E,K

230 В

50 Гц

Сейшель аралдары

G

240 В

50 Гц

Сьерра-Леоне

D,G

230 В

50 Гц

Сомали

C

220 В

50 Гц

Свазиленд

М

230 В

50 Гц

Судан

C,D

230 В

50 Гц

Танзания

D,G

230 В

50 Гц

Того

C

220 В

50 Гц

Тунис

C,E

230 В

50 Гц

Уганда

G

240 В

50 Гц

Кот-Д’Ивуар

C,E

230 В

50 Гц

Конго Демократиялық Республикасы

C,D

220 В

50 Гц

Замбия

C,D,G

230 В

50 Гц

Зимбабве

DrG

220 В

50 Гц

ЕУРОПА

ЕЛДЕР

АЖЫРАТ.

КЕРНЕУ

ЖИІЛІК

Албания

C, F

220 В

50 Гц

Андорра

C, F

230 В

50 Гц

Армения

C,F

220 В

50 Гц

Аустрия

F

230 В

50 Гц

Әзірбайжан

C,F

220 В

50 Гц

Бельгия

E

230 В

50 Гц

Беларусь

C,F

220 В

50 Гц

Босния

C,F

220 В

50 Гц

Болгария

C,F

230 В

50 Гц

Хорватия

C,F

230 В

50 Гц

Кипр

G

24-0 В

50 Гц

Черногория

C,F

220 В

50 Гц

Чехия

E

230 В

50 Гц

Дания

C,K

230 В

50 Гц

Эстония

F

230 В

50 Гц

Финляндия

C,F

230 В

50 Гц

Франция

E

230 В

50 Гц

Гибралтар

C,G

240 В

50 Гц

Грекия

C,D,E,F

220 В

50 Гц

Грузия

C

220 В

50 Гц

Испания

C,F

230 В

50 Гц

Нидерланды

C,F

230 В

50 Гц

Исландия

C,F

220 В

50 Гц

Қазақстан

C,E,F

220 В

50 Гц

Литва

C,F

220 В

50 Гц

Лихтенштейн

J

230 В

50 Гц

Люксембург

C,F

220 В

50 Гц

Латвия

C,F

220 В

50 Гц

Македония

C,F

220 В

50 Гц

Мальта

G

240 В

50 Гц

Монако

C,D,E,F

127 В / 220 В

50 Гц

Германия

C,F

230 В

50 Гц

Норвегия

C,F

230 В

50 Гц

Польша

C,E

230 В

50 Гц

Португалия

C,F

230 В

50 Гц

Ресей

C,F

220 В

50 Гц

Румыния

C,F

230 В

50 Гц

Сербия

C,F

220В

50 Гц

Шотландия

G

230 В

50 Гц

Швейцария

J

230 В

50 Гц

Швеция

C,F

230 В

50 Гц

Словакия

E

230 В

50 Гц

Словения

C, F

230 В

50 Гц

Түркия

C,F

230 В

50 Гц

Украина

C

220 В

50 Гц

Ұлыбритания

G

230 В

50 Гц

Венгрия

C,F

230 В

50 Гц

Италия

C,F,Л

230В

50 Гц

СОЛТҮСТІК ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АМЕРИКА

ЕЛДЕР

АЖЫРАТ.

КЕРНЕУ

ЖИІЛІК

Антигуа және Барбуда

A,B

230 В

60 Гц

Аргентина

C,l

220 В

50 Гц

Аруба (Нидерланды)

A,B,F

120 В

60 Гц

Багам аралдары

A,B

120 В

60 Гц

Барбадос

A,B

115 В

50 Гц

Белиз

B,G

110 В / 220 В

60 Гц

Боливия

A,C

220 В / 230 В

50 Гц

Бразилия

A,B,C,I

110 В / 220 В

60 Гц

Чили

C,L

220 В

50 Гц

Доминика

D,G

230 В

50 Гц

Доминикан Республикасы

А

120 В

60 Гц

Эквадор

A,B

110 В

60 Гц

Гренада

G

230 В

50 Гц

Гайана

A,B,D,G

240 В

60 Гц

Гватемала

A,B,G,I

120 В

60 Гц

Гаити

A,B

110 В

60 Гц

Гондурас

A,B

110 В

60 Гц

Ямайка

A,B

110 В

50 Гц

Канада

A,B

120 В

60 Гц

Колумбия

A,B

110 В

60 Гц

Коста-рика

A,B

120 В

60 Гц

Куба

A,B,C,F

110 В / 220 В

60 Гц

Мексика

A,B

127 В

60 Гц

Никарагуа

А

120 В

60 Гц

Панама

A,B

110 В

60 Гц

Парагвай

C

220 В

50 Гц

Перу

A,B,C

220 В

60 Гц

Пуэрто-рико

A,B

120 В

60 Гц

Уругвай

C,F,I,L

220 В

50 Гц

Сент-Китс және  Невис

D,G

230 В

60 Гц

Сент-Люсия

G

240 В

50 Гц

Сент-Винсент

A,C,E,G,J,K

230 В

50 Гц

Сальвадор

A,B

115 В

60 Гц

Суринам

C,F

127 В

60 Гц

Тринидади Тобаго

A,B

115 В

60 Гц

АҚШ

A,B

120 В

60 Гц

Венесуэла

A,B

120 В

60 Гц

АУСТРАЛИЯ ЖӘНЕ МҰХИТ ЕЛДЕРІ

ЕЛДЕР

АЖЫРАТ.

КЕРНЕУ

ЖИІЛІК

Аустралия

I

240 В

50 Гц

Фиджи

I

240 В

50 Гц

Кирибати

I

240 В

50 Гц

Микронезия

A,B

120 В

60 Гц

Науру

I

240 В

50 Гц

Жаңа Зеландия

I

230 В

50 Гц

Папуа-Жаңа Гвинея

I

240 В

50 Гц

Самоа

I

230 В

50 Гц

Самоа (АҚШ)

А,Б,Е,I

120 В

60 Гц

Таити

A,B,E

220 В

50 Гц

Тонга

I

240 В

50 Гц

Вануату

I

230 В

50 Гц

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: dezinfo.net

Б. Қосмағамбет