Марин Дажо - тарихтағы жұмбақ

Марин Дажо - тарихтағы жұмбақ

Марин Дажо өз өмірін халыққа адам сенгісіз қабілетін көрсетуге арнаған. Ол көптеген дәрігерлер мен журналистердің  қатысуымен өткен медициналық конгрестерде де өз қабілетін көрсеткен. Үшкір тоқыма біздер мен қанжарлар жүрегі, өкпесі, кейде бірден бірнеше органдары арқылы өтіп, бір қызығы денеден ешқандай қан шықпайтын болған. Дажоның айтуынша, қолданылған заттар денесінің ішінде дематериализацияланып қалады екен. Цюрих қаласында оның жасап жүргені жалған еместігін дәлелдеу үшін оған су өте алатын бірден 8 милиметрлік іші бос түтік шаншыған. Көмекшісінің айтуынша, Дажо телепатиялық және емдік қабілеттерге де ие. 

Марин үшін бұл көрсетулер атақ пен даңққа жету мақсаты емес болатын. Ол бүкіл әлемге адамнан құдіретті біреудің бар екендігін дәлелдемек болған. 

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM