Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / "Дұрыс" ноутбукты қалай таңдаймын?

"Дұрыс" ноутбукты қалай таңдаймын?

Соңғы кезде ноутбуктардың біршама арзандап кеткені рас. Оған себеп қазір көпшіліктің оны планшетті компьютерлермен алмастырып жатқандығында. Мысалы, 2011 жылы бір мың доллар тұратын олар қазір үш немесе төрт есеге дейін арзандап кетті. Оның үстіне ондағы жұмыс атқаратын жаңа мобильдік компоненттер (Intel Ivy Bridge процессорлары, Nvidia Kepler немесе AMD GCN архитектруасындағы видеокарталар) үстел компьютерлерімен бірдей өнімділік береді.

Бұл материалымызда біз сіздерге тиімді бағадағы, кез-келген ауыр жұмыстарды атқара алатын ноутбукты қалай таңдау керектігі жөнінде кеңестер бермекпіз. Алайда алдымен сіз мына сұраққа жауап беруіңіз керек: Ноутбук сізге не үшін керек, оның қандай сипаттамалары сіз үшін маңызды? Оның жұқа және жеңіл болғаны ма, әлде үлкен және қуатты болғаны ма?

Ноутбук таңдап көрейік

Ультрабук – бұл қазіргі кезде ең көп таралған ноутбуктың бір түрі. 'Ultrabook' атауын Intel компаниясы қойған. Ол өте жұқа, жеңіл және өнімділігі жағынан салыстырмалы түрде жоғары болып келеді. Мысал үшін келтіре кетейік, 2013 жылдың ортасына қарай Asus UX31A атты ультрабук өз туыстары арасында озық болды. Оның қалыңдығы бар болғаны 1 сантиметрді құраса, салмағы 1,3 келі. Байқағандарыңыздай, өте жұқа әрі өте жеңіл. Сондай-ақ, ол өте қуатты екі ядролы Intel Core i5 процессорымен, 4 Гб оперативті жадпен және үлкен көлемдегі ішкі жадпен жабдықталған.   

Ультрабуктардың дисплейі көбіне 11.6, 13.3 немесе 14 дюймды болып келеді. Ең тиімді нұсқасы 13 дюймдысы. Мұндай ультрабук жұмыс жасасаңыз да, басқа да қызметтерге пайдалансаңыз да өте ыңғайлы. Оны өзіңізбен алып жүру де ауырлық туғызбайды.

Кез-келген ультрабукты сатып алғаныңызда, сіз онымен бірге ыңғайлылық, стильді дизайн және кейбір жеңіл ойындарды ойнатуға мүмкіндікті де қоса аласыз. Олардың аккумулятордан қуат алып, жұмыс жасауы орташа есеппен 4-7 сағатқа созылады. Осы себептерге байланысты біз ультрабуктарды бүгінгі таңдағы ең тиімді нұсқа деп айта аламыз.  

Үздік бюджетті ультрабуктар арасында Acer Aspire S3-тің бәсі жоғары тұр. Ал егер одан да қуаттысы керек десеңіз, қымбатырақ тұратын Asus UX31A я болмаса Apple MacBook Air ультрабуктарын таңдаңыз. Бұл жердегі сіздің таңдауыңыз тікелей қалтаңыздың қалыңдығына байланысты екені сөзсіз.

Ойын ойнауға арналған қуатты ноутбук таңдайық

Бұл жағдайдайда таңдау жасау әлдеқайда қиынырақ. Үлкен өнімділікке бола сіз жинақы өлшем мен салмақты құрбан етесіз. Әдетте, үстел компьютерлерін алмастыруға шамасы келетін ноутбуктар 3-4 келі тартады, ал диагоналінің өлшемдері 15.6 яки 17.3 дюймды құрайды. Дисплей өлшемін өзіңіздің қалауыңыз бойынша таңдаңыз. Бірақ оның мүмкіндігі жоғары болған сайын сапасы жағынан соғұрлым жақсы бола түсетінін ұмытпаңыз! Оптималды мүмкіндік FullHD (1920x1080 нүкте) немесе HD+ (1600x900 нүктелі). Қазіргі кездегі ноутбуктардың көбі кең форматты дисплейлермен жабдықталған. Олардың жабындысы жылтыр не «бұлыңғыр» (матовый) болып келеді. Соңғысы шаң-тозаңды тазалағанда қолайлы әрі жылтыр түріне қарағанда күн сәулесін шағылыстырмайды.   

Мұндай ноутбукты таңдаған кезде оперативті (немесе жедел) жадқа баса назар аударыңыз. Қазір геймерлер арасында көбінесе 6 я болмаса 7 Гб құрайтын оперативтік жады бар ноутбуктер үлкен сұраныста. Бірақ сіз әуесқой болсаңыз, 4 Гб жадтың өзі жеткілікті.  

Процессорды таңдау қиын іс емес. Бүгінгі таңда AMD мен Intel кең тараған десек, сізге дұрысы Intel-ді таңдау болады. Ал оның Core i3/i5/i7 процесорлары көптеген ойындар үшін молынан жеткілікті. Естеріңізде болсын, Pentium, Celeron және Atom процессорларының өнімділігі тым төмен келеді.

Сондай-ақ, ноутбуктың USB 3.0 тетіктері мен WiFi b/g/n және Bluetooth сымсыз технологияларымен жабдықталғаны өзіңіз үшін жақсы. Оның үстіне қазір сымсыз интернеттің кең етек алған кезі.  

Одан бөлек, ноутбугыңыздың өнімді видеокартамен жабдықталғанына көз жеткізіңіз. Intel Core i3/i5/i7 процессорлары үшін Intel HD Graphics 3000 (немесе HD Graphics 4000) видеочипі жаңа заманғы ойындардың басым көпшілігі үшін әбден болады. Бірақ ойындардың графикалық қондырғылары тым жоғары болмауы керек. Егер бұл да сізді қанағаттандырмаса, онда AMD (Mobility Radeon HD 6750M, HD 6770M, HD 6850M, HD 6870M, HD 7750M немесе HD 7770M сериялы картаны таңдағаныңыз жөн) немесе Nvidia (GeForce GT 640M, GT 650M, GTX670M карталарының өнімділігі жоғары болып келеді) дискретті графикалары бар ноутбуктарды ұсынамыз.

Бүгінгі таңдағы ең мықты ноутбуктар ретінде MSI GE620DX (шамамен 800 доллар), ASUS G53SX (1500 доллар), MSI GT60 (2000 доллар) және де Alienware M18x (2000 доллар) өнімдерін айта аламыз.

Стационарлы үй компьютерін ноутбукқа алмастырғым келеді...

Ол үшін сізге мобильді мультимедиа компьютері қажет. Сізге мұндай ноутбукты таңдау үшін көмекке оның дисплейі келеді. Ол өте үлкен болуы керек: 17 дюймнан бастап, мүмкіндігі 1680 x 1050 пиксельден жоғары. Жарығының да әртүрлі қасиеттеріне назар аударыңыз.

Фото және видео материалдарды сақтау үшін қатқыл (жесткий немесе hard) дисктің өлшеміне мән беріңіз. Ол екеу де болуы мүмкін. Ал фильм қарау үшін міндетті түрде DVD-ROM керек. Егер сіз жоғары сападағы фильмдері тамашалағыңыз келсе, Blu-ray жетегі қажет етіледі.

Өнімділігі жағына келсек, процессордың күші HD-видеоны ойнатуға жеткілікті болып қалады. Оған Intel Core 2 Duo деңгейіндегі кез-келген процессор келеді.

Сондай-ақ, ноутбукты таңдаған кезде, оның акустикалық жүйесіне назар аударыңыз. Сапалы берілген дауыстан бөлек, өзінде сабвуфері бар компьютерді таңдасаңыз, оның дауысы да әлдеқайда сапалы әрі қатты шығатын болады. Одан бөлек, ноутбуктың сыртқы экранға шығу мүмкіндігін де қарастырған жөн. Ол фильмдер мен фотоларды көруге өте ыңғайлы жол.

Сонымен, мұндай көп қасиеттерге ие ноутбуктың салмағы да жеңіл болмайды. Алайда оның үлкен өнімділігі мен экраны үшін ауыр салмағын «кешіруге» әбден болады. Қалай десек те, ол сіздің үйдегі стационарлы компьютерге қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі оны қалаған жеріңізге оңай апара аласыз.

Нетбук таңдайық

Нетбуктар – бұл жоғарыда айтылғандармен салыстырғанда арзан әрі ықшам құрылғы. Бағасы әрі кеткенде 300 – 400 доллар аралығын құрайды. Бұл бағаға сіз интернетте жұмыс жасау, Skype видеобайланысымен сөйлесіп, чаттардың қызметін пайдалану мүмкіндігін сыйлайтын, өлшемі 10 дюймды, салмағы бір келіден аспайтын нетбукқа ие боласыз. Әрине, мұндай арзан дүние ауыр ойындарды ойнап, Adobe Photoshop бағдарламасында еркін жұмыс жасауға мүмкіндік бермесе де, 6-9 сағат автономды қызмет етуге жағдай жасайды. Оның тасымал кезінде өте қолайлы құрылғы екенін де баса айтып кетуіміз керек.

Негізінде барлық нетбуктар сипаттамалары жағынан бірдей болып келеді. Сондықтан, оны өндіруші компанияны таңдап әуре болмай-ақ қойсаңыз да болады. Бір-бірінен басты артықшылығы – автономды жұмыс жасау уақытының ұзақтығы, оперативті жад көлемі, бағасы мен дизайны. Егер соңғы екеуі сіздің жеке таңдауыңызға қалдырылса, ал автономды жұмыс жасау уақыты 3-4 сағаттан кем болмауы қажет. Ал оперативті жады 2 Гб кем болмаса болды (әйтпесе Windows 7 және түрлі қарапайым бағдарламалардың өзі жылдам жұмыс жасай алмайды).

Сондай-ақ, нетбуктың Intel Atom-ға қарағанда энергиялы AMD Fusion платформасы негізінде жұмыс жасағаны абзал. Яғни, оның процесорры AMD C-50, C-60 немесе E350, я болмаса E450 деп аталуы керек. Бұл процессорлар басқаларына қарағанда энергияны аз тұтынады. Сондай-ақ, ол FullHD видеоны еш қиындықсыз ойнатуға мүмкіндік беретін Radeon графикасымен жабдықталған.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: 4pda.ru

Қосылған күні: 04 сәуір 2014, 10:24
Пікірлер
+0
04 сәуір 2014, 13:25

Қазір мен үшін маңыздысы жеңілдігі сияқты, көп алып жүретіндіктен өз ноутбугымның ауырлығы арқама батады, ескіріпте келеді өзі ((

+0
08 сәуір 2014, 11:51

Осы мақала 2-3 жыл ерте шыққанда ғой

+0
12 сәуір 2014, 19:02

қазір техника бір жылдың ішінде ескі боп жатыр ғой (

+0
09 сәуір 2014, 10:16

Жаңадан алайын деп жүргендерге жақсы "ақыл" екен. Маған да үш жыл бұрын айтақыңызда ғой, Болат, десең, ә. Жоқ, шүкір, қазіргі қолда бар ноутым да тәп-тәуір. Таңдаудан қателеспегеніме 3-інші жыл көзім жетіп келеді...

+0
09 сәуір 2014, 12:54

Графикамен, құжаттармен жұмыс істемесеңіз планшет дұрыс қой

+0
12 сәуір 2014, 19:53

өзім ноутты арзандығына бола алдым. Бар болғаны 60 мың тг -ге тінтуірімен, сөмкесімен.

+0
27 қараша 2014, 21:37

Ассалаумағалейкум)! баршаңызға осы мақаланы жазған бәке алғысымды білдіремін,. жақсы жазғансыз... ия шыныменде казіргі таңда Intel Corel I 1,2,3,45,6,7 процессоры жақсы AMD де жақсы процессор жақсы таңдауға лайықты .....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.