Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Әлемдегі ең қысқа соғыс 38 минутқа созылды

Әлемдегі ең қысқа соғыс 38 минутқа созылды

Әлемдегі ең қысқа соғыс 38 минутқа созылды

Екі елдің арасында пайда болатын түсініспеушілік кей сәттерде өршіп, ұрыс-дауларға, тіпті соғысқа алып келуі мүмкін. Бүгін осындай түсініспеушіліктің соғысқа айналып кеткені жайлы бір оқиғаны баяндаймыз. Дүниежүзінде уақыты бойынша ең қысқа соғыс бар болғаны 38 минутқа созылған екен. Бір сағатқа жетер-жетпес ұрыс Англия мен Занзибар сұлтанаты (1964 жылдан бастап, Занзибар Біріккен Танзания Республикасының құрамында) арасында 1896 жылы 27 тамыз күні болған екен.

Ұрыстың басты себебі болып Занзибардың жаңа патшасы Халид ибн Баргаштың Ұлыбритания елімен әлдебір келісім-шарты жалғастырудан бас тартып, Германиямен тығыз қарым-қатынас орнатуы болды. Бұндай шарт ағылшындықтарды қанағаттандырмағандықтан, олар занзибарлықтарға ультиматум қойған болатын. Үльтиматум бойынша, 27 тамыз күні сағат 9.00-де Занзибар сұлтанаты ағылшындықтардан жеңілгенін мойындауы тиіс еді. Бірақ, ағылшындықтардың ойлары жүзеге аспай, оларға қарсы тұрды. Занзибар патшасы жинаған қолдың саны бар-жоғы 2800 әскерді құрайтын. Ал флоттарындағы кемелерінде бір-ақ қару-жарақ болатын.

Бұндайда жеңілмеу мүмкін емес. Ағылшындықтар сұлтанатқа ойсырата соққы жасап, жауларын тізе бүктірген. Бұл қанды шайқаста 570 адам бақилық болды. Қайтыс болған адамдардың барлығы Занзибар сұлтанатының әскері еді. Ұрыстың басталуынан ағылшындықтардың жеңіске жеткеніне дейін бар-жоғы 38 минут уақыт өткен.

Бұл қанды дерек Гиннес рекордтар кітабында әлемдегі ең қысқа соғыс ретінде тіркелген.

Сурет:nevozmozhnogo.net

3075 8
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 07 мамыр 2012, 13:36
Пікірлер
+0
07 мамыр 2012, 14:01

қайғылы әрі қызықты

+0
07 мамыр 2012, 14:45

иә, шынымен де солай екен

+0
07 мамыр 2012, 15:26

братвалар "әңгімемен" шешжіберген-ау дим)

+0
08 мамыр 2012, 00:56

Батыр екен өздері, сондай шанс жоқ жерде ұрысқа шыққан :D

+0
08 мамыр 2012, 09:26

солай ғо! Нағыз ержүрек

+0
09 мамыр 2012, 01:30

а мен топастық деп ойлам кеттім :x

+0
08 мамыр 2012, 09:53

Бас-аяғы жарты сағаттың аралығында 500ден астам адамның қырылып қалуы өкінішті.

+0
08 мамыр 2012, 10:26

ең дұрысы- соғыспағаны!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...