Сіз білесіз бе?

Сіз білесіз бе?

Вавилондықтар он алтылық санау жүйесін қолданған екен, соның себебінен бүгін біз сағатты 60 минутқа бөлсек, шеңбер ішін 360 градус деп қарастырамыз. 

Жұмысқа епсіз деп танылған егде термиттердің денесінде өзіндік бір уытты зат толтырылған қоржын пайда болады екен. Жәндікке қатер төнген жағдайда, әлгі қоржын жарылып кетуі мүмкін. Бір сөзбен айқанда, олар термиттер мекені шабуылға ұшырағанда өзін өлімге қиятын терроршының қызметін атқарады. 

Англияда 18 ғасырда ананас әлеуметтік жағдайдың басты көрсеткіші саналған. Үй иелері меймандарға өз дәулетін көрсету үшін ананасты жалға алып тұратын болыпты. 

XX  ғасырдың алғашқы жартысында Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасында суретшілер мен сәулетшілердің, мүсіншілер мен музыканттардың және де ақындардың арасындағы сайыстар болған. 

NASA мамандарының айтуынша, адам ғарыштық кеңістікте скафандрсыз 30 секундтай тұра алады екен. 

Ғарыштық кеңістікте ғарышкерлер кенеттен пайда болған сәуле жарқылын көреді екен. Мұның сыры - ғарыштық сәулелер көз көру жүйкесіне тиіп кететін көрінеді. Ал Жерде бұл құбылыстан біздерді магнитосфера қорғайды.

Британ әуе жолының сапарларын жүзеге асыратын екі ұшқыш бірдей ас түріне тапсырыс бере алмайды. Бұл қауіпсіздік шаралары екен.

Қағаз бес-алты рет қана қайта өңдіріліп шығарылуы мүмкін. Одан кейін ағаш талшығының жіпшелері өз қалпын сақтап қала алмайды.

Американдықтар ақ тауық етін ұнататындықтан, қалған қара бөліктерін Ресей мен Азия елдеріне жөнелтетін көрінеді. Қара тауық етін осы елдер жақсы көреді екен. Сөйтіп көпшілік тауықтар құрлық арасында бөліске түспек. 

Иттер пен пілдер - қолмен нұсқаған нәрсені түсінетін жалғыз (танымал) жануарлар. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: cnhinews.com; scientificamerican.com; fool.com

Л. Лига