Қатонқарағай аспанында БҰО (НЛО) жүр

Қатонқарағай аспанында БҰО (НЛО) жүр

Өскемен қаласының тұрғыны Мерей Қайнаров бұл суретті түсіргенде белгісіз объектіні байқамағанын айтып отыр. Ал кейін, суретті шығарып көргенде аспандағы қара дақ көрінген. Фото авторының айтуынша, сурет 2013 жылы қыркүйек айында түсірілген. 

Суретте Қатонқарағайда Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына орай тұрғызылған ескерткіш маңына жиналған жұрт бейнеленген. Ал жоғарыда белгісіз объект көрінеді. Мерей мұны шын мәнінде де БҰО (НЛО) деп ойлайтынын айтады. Сонымен қатар, уфолог мамандарға көрсеткісі келеді екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Мерей Қайнаров

А. Құлтай