Білгіңіз келсе

Білгіңіз келсе

Әлем қызықтарын назарларыңызға ұсынамыз...

Адам табанында паразиттердің 200-ден астам түрі өмір сүруі мүмкін. 

«Эскалатор» мен «термос» сөзі жалпақ жұртқа танылмай тұрып, бір заманда сауда-саттық маркасы саналып келген. Осы күні жөргекті "памперс" деп атайтынымыз секілді. 

Шведтің кішігірім Иттербю қаласының құрметіне (1787 жылы ауыр минерал табылған өлке) төрт түрлі химиялық элементті атаған екен: эрбий, тербий, иттербий, иттрий (бірақ, ғылымға сол уақытта бұл минералдар таныс болмапты). 

Тропикалық елдердің бірі әлі күнге қысқы Олимпиада ойындарынан медаль алып көрмеген.

Әлсіз электр тогымен миға әсер ету арқылы адамның математикалық қабілетін арттыруға болатын көрінеді. Бұл әсер, өз кезегінде, алты айға дейін созылмақ.

Бұл жаңалықтың арқасында дискалькулиямен (арифметиканы меңгеруге қабілетсіздік) зардап шегетіндерге қол ұшын беруге болады екен.

Радарды ойлап табушы Уотсон Уатты бірде көлік жылдамдығын жоғарылатқаны үшін ұстап алады. Полиция қызметкерлеріне 64 жастағы Уаттың тәртіп бұзуын анықтауға өнертапқыштың ойлап тапқан өз өнертабысы көмектескен. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: luxlux.net 

Л. Лига