Тамшылар тангосы

Тамшылар тангосы

Маркус Рейгельс (Markus Reugels) есімді кәсіпқой фотосуретші талай жұртты таң-тамаша қылар жаңа әлем ашты. Микроскоптың және бейнекамераның тез қабылдағыш құрылғысының арқасында ерекше дүниеге куә бола аламыз.

Неміс фотосуретшісі өзгелер байқай бермейтін жаңа нәрселер ашуды көздейді. Оның бұл ойы кез келген адамға ұнары анық. Бүгін назарларыңызға су тамшыларының көмегімен түсірілген әдемі фотосуреттерді ұсынамыз. Фотосуретші суға түрлі түсті бояулар қосып, камераның көмегімен өңдеп, осындай тамаша суреттерді тарту етеді. Сіздер тамашалап отырған фотосуреттер бір секундқа жетпес уақытта түсірілген. Әдемі сәтті жіберіп алмай, мәңгілік өлместей етіп қалдыра білген фотосуретшінің еңбегі ерен. Ғажайып фотосуреттер әдемі әсерге бөлеп, өзге әлемге жетелей түсері анық. 

Маркус Рейгельстің фотосуреттері:

 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Н. Айдархан