Су мен ағаштан жасалған фитнес құрылғысы

Су мен ағаштан жасалған фитнес құрылғысы

Жасыл құрлық тұрғындарының өнертабысқа деген құлшысына әсте төмендеген емес. Бұл жолы First Degree атты компания фитнеске арналған өзінің экологиялық жағынан жүз пайыз таза Viking жаттығу құрылғысымен көпшілікті таң қалдырды. Бұл құрылғы тек судың көмегімен жұмыс жасап, ал оған материал ретінде тек ағаш қолданылған.

1

Енді құрылғының жұмыс істеу принципіне тоқталайық: су жаттығу құрылғысының алдыңғы жағында орналасқан арнайы барабанға құйылып, кейін детальдар қозғалысқа келгеннен кейін оған қысым түсіп, жаттығушы адамға өзіне қажетті күш түсіре алады. Құрастырушы мамандардың сөзінше, мұндай жаттығу құрылғысы жүгіру сияқты дәстүрлі фитнес түрлеріне қарағанда калорияны екі есе жұмсауға мүмкіндік беретін көрінеді.

2

Қолмен есіп жасайтын жаттығу құрылғысы ең көп таралған фитнес құралы екені белгілі. Сондықтан аустралиялық компания да сұранысқа ие дәл осындай әдіспен жұмыс жасайтын құрылғыны жасап шығарған.

3

Одан бөлек, аяқ бұлшықетін жақсарту үшін жасалатын жаттығуға да жаңа құрылғыдан орын табылған.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: mirfactov.com

Б. Қосмағамбет