Білгіңіз келсе...

Білгіңіз келсе...

Бір жолы сауық кешінде жігіттер бассейн маңында доппен ойнап жүріп, допты қақшып аламын деген бірі, абайсызда аяғы тайып, суға түсіп кетеді. Тайып жығылғанда басы бассейнің бір бүйіріне келіп тиген.

Есін жинаған соң, әлгі жігіт (Дерек Амато) бала кезінен бойында болып көрмеген музыкалық қабілетке ие екенін аңғарады. Музыкалық сауатының жоқтығына қарамастан, тамаша пианиношы болып кете алыпты. 

1385539912-amato

Босниялық бір тұрғын достары мен туыс-жақындарынан кімдер келер екен деп, алдамшы жерлеу рәсімін өткізеді. Өткізсе,  шешесінен басқа ешкім келмеген. 

160103034

“Титаниктің” апатында көбіне әйелдер жағы мен балалар аман қалған екен, ал “Лузитания” суға батқанда аман қалғандардың тізімінде көбіне ерлердің аттары тұрыпты...

Бұл қалай десеңіз, мұның себебін психологтар екі ірі лайнердің суға батуының уақыт аралығымен түсіндіреді. “Лузитания” 20 минут ішінде суға батқан аралықта, ішінде жүрген еркектердің өз өмірін сақтап қалу түйсігі оянған-мыс. “Титаник” айсбергпен соғысқан уақытта су бетінде 160 минут қалқып тұрғаны, өз кезегінде, ерлердің көп бөлігі өз өмірлерін сақтап қалу түйсігінен арылып, ерлерше іс-қимыл жасауға бел буған екен-міс...

_59467081_illustrationofsinking96518519 

Осы бір ірі колибрлі бытыралы мылтық (дробовик) “үйрек дәлдеу” деп аталады. Шамамен 120 жыл бұрын үйрек аулауда қолданылыпты. Жабайы құстардың толық жойылып кетуінен қауіптенген үкімет, кейіндеу қарудың бұл түріне тыйым салған. 

Io5TT1V

Маңызды кездесуден бірер күн бұрын боксшы Шугар Рэй Робинсон түсінде қарсыласын өлтіріп жатқанын көріп, жекпе-жектен бас тартуға тырысады. Ұзақ уақыт иландырулардан соң, ақыры жұдырықтасуға келіседі.

Жекпе-жек, шынында да, қарсыласы Джимми Дойлдың қазасымен аяқталады. Робинсонның ауыр соққысынан емес, бір жыл бұрынғы алған соқысынан қаза болғаны кейіндеу анықталған...

sugarray-66e21f0228d5111f0efd4feace6f349a6ebf98c0

"Бесінші элемент" фильмінің түсірілімінде Милла Йовович пен Люк Бессон "жерлік емес жат тілді" ойлап табады. Түсірілім аяқталған соң да олар осы бір тілде емін-еркін әңгімелесіп жүріпті. 

600full-the-fifth-element-screenshot

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: bydvkurse.ru 

Л. Лига