"Ақымақ" заңдар таңғалдыруын қояр емес

"Ақымақ" заңдар таңғалдыруын қояр емес

Әлемнің әр түкпіріндегі оғаш заңдармен таныс бола отырыңыз:

Түркияда жасы сексеннен асқан қарияның ұшқыш болуға құқығы жоқ.

Германияда қиындықтар да заңмен қарастырылып, қамтамасыз етіледі; егер жол үстінде сіздің автобусыңыздың жанармайы таусылып қалып жатса, онда...

Таиландта үйден іш киімсіз шығуға рұқсат етілмейді, бір сөзбен айтқанда, тыйым салынған.

Израилде демалыс күні (жексенбі) мұрын шұқығаыңыз үшін жауапқа тартыласыз.

Сингапурда сағыз резеңкелерді шайнауға болмайды екен. 

 

Сан-Сальвадорда мас жүргізуші өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Италияда семіздікпен ауыратын адамдарға синтетикалық талшықтан киім киюге рұқсат етілмейді.

Португалияда мұхитқа зәрулікпен бару заңға қайшы келеді.

Лондонда жұқпалы дертке ұшыраған жанның такси қызметін пайдалануына болмайды.

Аустралияда азыққа арналған жануарларға ат беріп, айдар тағуға рұқсат етілмейді.

Самоада өз әйеліңнің туған күнін ұмыту қылмыс саналады.

Францияда "Өзге ғаламшарлық" деп аталатын қуыршақтарды сатуға тыйым салынған.

Лондонда қалалық таксилермен құтырып кеткен иттер мен өлі адамның денесін алып жүруге  болмайды.

Біріккен Араб Әмірлігінде өз сезіміңді қоғамдық орындарда ашық жеткізуге тыйым салынған.

Барселонада көшелерде  купальникпен жүруге болмайды.

Канадада дүкендер монеттерді қабылдамауға құқы бар.

Эболи, Италияда жүріп бара жатқан транспорт ішінде сүйісуге тыйым салынған.

 

Италияның Капри қаласында "қатты тықылдайтын" аяқ-киімдерді киіп жүруге болмайды. Шәркей киіп жүрген туристердің тұтқындалатын кездері болып тұрады екен.

Барбадоста камуфляж формаларды киіп жүруге заңмен тыйым салынған.

Англияның кітабында барлық ерлер, жасы 14-тен асқан еркек атаулысы әр күні екі сағаттан садақ ату жаттығуларына қатысып тұруы жөнінде заң сақталған.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: list25.com

Л. Лига