Динозавр иллюзиясы

Динозавр иллюзиясы

Иллюзияда көпшілікке "Мона Лиза эффектісі" деген атпен танымал технология қолданылған. Ол бойынша суреттегі адам, жануар көрерменнен көз алмай қарап тұрғандай әсер береді. Мына иллюзияда тиранозаврдың картон бейнесі көрермен орын ауыстырғанда басын бұрып, көзін алмай тұрғандай көрінеді.

Қызықты иллюзияны оптиткалық иллюзияда маманданатын Brusspup студиясы жасаған екен. Шынында динозавр басын бұрмайды, ол толықтай қозғалыссыз болады. Бұл тек бізге солай көрініп, мимен дәл осылай қабылданады. Динозаврдың басы ішке қарай иілген, ал адамның көзі мен миы бейнеде динозаврды танып, соның бейнесін елестеді екен. Ал қозғалыс кезінде ішке қарай ойыс бас бұрылғандай әсер береді.

Youtube сайтына жүктелген "Динозавр иллюзиясы" бейнебаяны он күнде 5,5 миллион рет көрілген.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: youtube.com

С. А