Үздік Instagram-фотограф кім?

Үздік Instagram-фотограф кім?

Тамақ пен мысықтардың суретін былай қоя тұрыңыздар. Солтүстік Корея жайлы Инстаграм суреттер бұл жылы ең үздік болды.

Time журналы Солтүстік Корея жайлы фотоблогты 2013 жылдың ең үздігі деп таныды. Оның авторы — фотограф Дэвид Гуттенфельдер World Press Photo Awards жүлдесінің жеті дүркін иегері. Және Солтүстік Кореяда смартфон қолдануға рұқсат алған алғашқы фотографтардың бірі.

Дэвидтің телефон камерасы арқылы суреттер түсіріп, Инстаграмға еш кедергісіз жариялауына мүмкіндігі болды. Және солтүстіккореялық ресми ақпараттарынан өзге, дәл оның суреттері арқылы әлемнің бұл оқшауланған елге жаңаша көзқарасы ашылды. Назарларыңызға әдеттегі Инстаграм суреттерінен әлдеқайда ерекшеленетін Гуттенфельдердің суреттерін ұсынамыз. Бұл суреттер арқылы мүлде бөлек мәдениетті танып қана қоймай, өткен кеңес заманына тән ортақ дүниелерді еске түсіруге болады.

Сурет: vk.com, Дэвид Гуттенфельдер

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina