Смартфоныңызды салпыншақпен де басқара аласыз

Смартфоныңызды салпыншақпен де басқара аласыз

Егер сіз кейбір іс-әрекеттерді жасау үшін (диктофон, жарық қосу, дыбысты көтеріп, түсіру, музыканы басқару) үнемі смартфоныңызға жармасатын болсаңыз, онда KeyPal Pro салпыншақ түріндегі шағын гаджеті бас девайсыңыздың (смартфоныңыздың) орнын алмастыра алады.

KeyPal Pro смартфоныңыздағы әртүрлі қосымшаларды (приложение) (камера, диктофон, радио, музыка және т.б) сымсыз технология (Bluetooth) көмегімен басқаруға мүмкіндік береді. Бір қызығы, оны жоғалтып алған күннің өзінде смартфоныңыздағы арнайы қосымша көмегімен девайсты дыбыстық белгі көмегімен оп-оңай тауып ала аласыз.

KeyPal Pro девайсы екі түсте жарыққа шығып отыр: ақшыл көк және қара-қызыл. Оның бағасы 60 долларды құрайды.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: redferret.net

Б. Қосмағамбет