2014 жылдың рекорды кімдердің еншісінде?

2014 жылдың рекорды кімдердің еншісінде?

1955 жылы шыққан «Гиннестің рекордтар кітабы» басылымы жарыққа шыға салысымен-ақ британдық бестселлерлер тізімінің шыңына көтеріліп үлгерді. Кітап бүгіндері әлемнің 100 елінде 23 тілде шығады.

Бұл басылымның соңғы сериясы – «2014 жылдың Гиннестің рекордтар кітабы». Біз сіздерге осы кітаптағы бірнеше рекорд жайлы айтып өтпекпіз.

Ең үлкен велосипед

Велосипедтің дөңгелегінің диаметрі 3.2 метрді құрайды. Оны Тур де Франс ойындарының жанкүйері германиялық Диди Зенфт жасады.

Биік өкшелі туфлимен ең жылдам жүгіру

Германиялық Юлия Плечер аяғына биік өкшелі туфли киіп, 14.5 секундта 100 метрге жүгірді.

Ең үлкен орындық

30 метрлік қарапайым орындық жасалды.

Ең ұзын «шегіртке»

«Шегіртке» құрылғысы пого-стик атымен де танымал. Пого-стик – секіретін серіппесі, тұтқасы, тепкісі бар құрылғы. Америкалық Фред Грзибовски Торонтода өткен халықаралық фестивальде өзінің 2 метр 90 сантиметрді құрайтын «шегірткесін» таныстырып, 2014 жылғы рекордтар тізіміне енуге мүмкіндік алды.

Ең кішкентай ит

Әлемдегі ең кішкентай ит - Пуэрто-Рикодан шыққан  Милли. Оның биіктігі - 9.65 см.

Ең көп шаңсорғыштар жинағы

Ноттингемдік 33 жасар Джеймс Браун өзінің шаңсорғыштарға арналған алғашқы мұражайын таныстырды. Оның мұражайына 322 түрлі шаңсорғыш жинақталған.

Ешкі-скейтбордшы

Скейтбордқа «қызыққан» ешкі секундына 36 метрді жүріп өтті. Осы арқылы жануар 2014 жылдың рекордтар кітабына жазылды.

Роликпен шпагатқа отыру

Үндістанның жастары көбіне Limbo-skating өнерімен айналысады. Роллердің тапсырмасы – роликпен сырғанап келе жатып, екі аяғын екі жаққа жайып шпагатқа отыру. Осындай сыннан мүдірмей өткен жеті жасар Рохан Кокан 2014 жылдың еншісіндегі рекордпен қанжығасын майлады: ол 10 метрлік жолды жерден бар болғаны 25 см биіктікте шпагатқа отырып сырғанап өтті.

Буынсыз әйел

Филиппиндік Лейлани Франко өзінің буынсыздығымен бірнеше рекордты жаңартты. Мысалы ол 10.05 секундта артқа қарап гимнастикалық мостик жасап, 20 метрді жүріп өтті. Артқа қарап дегеніміз – қолы мен аяғы еденде тұрып, белі кері бұрылып тұру.

Ең кішкентай есек

Танысып қойыңыздар, бұл – бойы 64 сантиметрді құрайтын әлемдегі ең кішкентай есек.

Әлемдегі ең кішкентай автокөлік

Әлемдегі ең үлкен автокөліктің өлшемі биіктігі жөнінен 63.5 сантиметрді, ені жөнінен 65.41 сантиметрді және ұзындығы жөнінен 126.47 сантиметрді құрайды. Мұны өнертапқыш Техас қаласының тұрғыны Остин Коулсон ойлап тапты. 

Әлемдегі сақалы ең ұзын әйел

Әйелдер арасындағы ең ұзын сақал Америка Құрама Штаттарының тумасы Вивиан Уилердің иегіне өскен. Оның ұзындығы 25.5 сантиметрді құрайды. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: five.kz

А. Әбілхан