Әлемде талай қызық бар...

Әлемде талай қызық бар...

Назарларыңызға әлем қызықтары ұсынылады. Бір қарап шығуға кеңес етеміз.

France_Wine-region_5424

Франция – азық-түлік өнімдерімен өз-өзін қамтамасыз ете алатын Еуропадағы жалғыз ғана ел. 

Британдық күлдіргі әрі иллюзионист Томми Купер миллиондаған телекөрермендер алдында өнер көрсету үстінде көз жұмып кетеді. Жұртшылық оның жүрек талмасын шоудың бір бөлігі деп ойлап қалды.

Диснейлендтің бірінші келушісі болып Дейв Макферсон есімді колледж студенті атанған. Бірақ, сол жолы бірде-бір әткеншекті тебе алмастан, сабағына асығыс кетіп қалған екен. Есесіне, кейіндеу жіберіп алған мүмкіндігі қайта оралады - әлемнің кез келген түкпіріндегі Диснейленд орталықтарына тегін кіріп тұруына өмірлік рұқсат берілген. 

Жапония күрішті АҚШ-тан алдырады - бірақ мұны Бүкіләлемдік сауда ұйымының міндеттеуімен орындап келе жатыр. Жапондар бұл күрішті тіптен жемейді десе де болады. Көп бөлігі гуманитарлық көмек ретінде Солтүстік Кореяға аттандырылса, қалғаны шошқаларға ботқа болып беріліп, одан қалғаны қоймаларда қалып қояды екен. 

11hale_evo

Алғашқы киттердің "арғы аталары" құрлықта өмір сүрген орта мөлшердегі сүтқоректілер болған. 

800px-Vilnius_Uzupio_Respublica

Вильнюсте (Литва) өзін тәуелсіз республика деп жариялаған Ужупис шағын ауданы бар. Осы бір республиканың өз туы, өз теңгесі, президенті, министрлер кабинеті, тіпті, 11 адамнан тұратын әскері бар. 

PR20130206142410

1988 жылы Арнольд Шварцнеггер “Коммандо” фильмінің жалғасына түсуден бас тартады. Сценарист бас кейіпкерге үлкен өзгерістер енгізіп, "Қатты жаңғақ" деп атайды. Брюс Уиллистің кинодағы үлкен жолы сол аралықтан басталған...

Kennedy Dog Pushinka

Джон Кеннедидің қызына ғарышта болып келген бірінші иттің тұқымынан күшік сыйға беріледі. Сыйлық Кеннеди мен Хрущёв арасындағы достықты ымыраны қайта қалпына келтіруге бағытталса керек. Сосын сол күшік Кеннедидің бүкіл отбасы мүшелерін бір-бірден қауып шығыпты деген қауесет тараған...

RobertChesebrough

Вазелинді ойлап тапқан Роберт Чезбро өз өнертабысынан күніге бір қасықтан жеп отырып, ағзасы үшін үлкен өте-мөте пайдалы екенін жеткізіп отырған. Нәтижесінде 96 жыл өмір сүріпті.  

post

Атауының ұқсастығы үшін слован мен словен елшілігі бір-бірімен жиі кездесіп, қателесіп кеткен пошталарды алмасып тұрады.


Өрт гидрантын ойлап тапқан өнертапқыштың есімі ешкімге белгісіз, өйткені, өнертабысқа иелік ету патенті өрт кезінде жанып кеткен...

Дайындаған: Әкежан Дәкен 

Сурет: prikol.me; qz.com; cracked.com

Л. Лига