Instagram-да танымал болғыңыз келсе...

Instagram-да танымал болғыңыз келсе...

«Instagram»-дағы парақшаңызды танымал ету үшін мынадай қулықтарды біліңіз: суретті көгілдір реңге бояйтын фильтрді жиі пайдаланыңыз. Сонда қолданушылар бірден назар аударатын болады.

«Curalate» компаниясының сарапшылары миллион суретті зерттеу арқылы осындай тұжырымға келді. Олардың айтуынша, көгілдір түстер қатысқан суреттер қызыл, сарғыш реңді суреттерге қарағанда 24%-ға көп лайк жинайды екен.

Тәжірибелік жұмысты жүргізген ғалымдар бейненің танымалдылығына түстің ашықтығы, қанықтығы әсер ететіндігін баса айтып отыр. Ашық суреттер күңгірт суреттерге қарағанда 24%-ға танымал болса, «Walden» және "Rise" фильтріне салынғандар «Hefe» и «Kelvin» фильтріне қарағанда 18%-ға көп ұнайды екен.

Айтпақшы, шетелдік ғалымдардың тағы бір зерттеуі «Twitter» желісіндегі суретті хабарламалар қарапайым хабарламалардан әлдеқайда көп лайк жинайтындығын анықтаған. Зерттеудің басқарушысы Дэн Зарелла мұндай суреттер ретвиттердің 94%-ын құрайтындығын айтып отыр.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN