Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Еврейлер неге табысты халық?

Еврейлер неге табысты халық?

Еврейлер неге табысты халық?

Жер бетінде еврейлер сынды табысты халық жоқ. Әлемдік үш діннің екеуі – ислам мен христиан еврейлердің арқасында етек жайды. ХХ ғасырдағы үш басты идеологияның екеуі – капитализм мен социализм еврейлерге қарыздар. Нобель лауреаттарының 20%-дан астамын еврейлер құрайды. Әлемдегі ең мықты адамдардың басында еврейлер тұр, өнертабыс саласында да еврейлер аталады. Саны бар болғаны 13,4 млн. адамды құрайтын (жер шарының 0,2%-ы) халық мұндай жетістіктерге қалай жетті? 

Ең алдымен кең тараған аңызды тартақатып алайық: еврейлер арасында ешқандай дуа жоқ, бірақ, ынтымақтастық бар. Олар басқа елде туып өскен еврейлерге жанын салып көмек береді. Сонымен, әлем мойындаған еврейлердің қандай ерекшеліктері бар?

1. Иудаизм діні еврейлерді таңдаулы халық деп мойындайды. Сондықтан болар, олар өздеріне өте сенімді. Ал өзіне деген сенімділік – сәттілікке деген алғашқы қадам.

2. Ұзақ уақытқа созылған оқшаулану. Еврейлердің көпшілігі басқа ұлтқа сіңісіп кеткендіктен, оларды тану қиын-ақ. Бірақ, тарихи жоспарда бұл таяуда ғана болған құбылыс. Мәселен, олар Еуропаға XVIII ғасырда ғана бейімделе бастады. Оған дейін оқшау болып келген. Яғни, оқшаулану мәдениет мен ген тазалығының сақталуына себепкер болды. 

3. Шашыраңқылыққа қарамастан ауызбіршіліктің сақталуы. Б.з. 70-ші жылдарында Екінші Ғибадатхана құлатылғаннан кейін, еврейлер жан-жаққа бытырап кетті. Тіпті, бұл халық барып, қожайын болмаған жерді нұсқап көрсету қиын. Олар шашырап кетсе де, ешқашан ауызбіршілігін, ұйымшылдығын жоғалтпады.

4. Қудалану. Қиындық шынықтырады, ал еврейлерде қиындық деген бастан асатын. Шындығына келгенде қудалануға еврейлердің өзі себепкер болған. Сенің еліңде жүріп, ассимиляцияға ұмтылмайтын халық кімге ұнайды дейсіз? Одан басқа, орта ғасырларда еврейлер ауыл шаруашылығынан алыстай бастады. Олар қолөнер мен саудаға бет бұрды. Еврейлерде әрқашан ақша болды, ал ақша бар жерде қызғаныш пен көреалмаушылық қатар жүреді. Қарапайым адамдар мен бақуаттылардың көпшілігі еврейлерге қарыз болады екен.

5. Кәсіпкерлік тәжірибе. Еуропада капитализм орын алғанда, халықтың көп бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысатын. Феодалдар жер иесі болды да, кәсіпкерлікке биіктен қарайтын. Тіпті, алғашқы капиталистердің өзінде бизнес ақша жинау үшін емес, иелік сатып алып, ескі жер аристократия секілді өмір сүру үшін керек деген стереотип қалыптасқан еді. Ал еврейлер бұл ойдан ада болды. Олар ауылшаруашылығымен айналыспайтын, есесіне, еврейлерде кәсіпкерлік тәжірибе пен капитал бар. Сондықтан олар қай кезде болмасын жеңіске жетіп жүрді.

6. Еңбексүйгіштік. "Жетістікке қалай жетуге болады?" деген қысқа ғана сұраққа "Көп әрі қайратты жұмыс деген жауапты естисіз. Ал еврейлердің қолынан бұл келеді. Оған мәдениет немесе генетика себепкер. Жо-жоқ, екеуі де бірдей әсер етеді дегеніміз дұрыс болар...

Ал сіз еврейлер туралы не білесіз?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: dic.academic.ru

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 11 қараша 2013, 11:52
Пікірлер
+0
11 қараша 2013, 11:26

Ең бастысы сен мықтысың, сенің қолыңнан бәрі келеді деп өсулері. Сонан кейін олар да матриахат қой

+0
11 қараша 2013, 11:50

cосын олар бір-бірін батырым деп мақтайды

+0
11 қараша 2013, 11:58

мені осы тақырып қатты қызықтыратын, ойландыратын, оказывается бәрі де көреалмаушылықтан екен ғой...

+0
12 қараша 2013, 17:13

Әлемдік үш діннің екеуі – ислам иен христиан еврейлердің арқасында етек жайды. сенбеймін мынаған

+0
12 қараша 2013, 17:29

сенбесеңіз де солай. "әуелі ең ақылды халық ретінде таңдалып, еврей халқына Жаратушымыз тарапынан дін жіберілген. бірақ олар қарсылық танытып, Алланың қаһарына ұшырап, Жер бетіне тарыдай шашылып кеткен. Сондықтан еврейді қарғыс атқан халық деп атайды".

+0
03 желтоқсан 2013, 19:08

қазір әлемді басқарып отқан - осы еврейлер

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.