Өлмейтін Nokia

Өлмейтін Nokia

Роджер Нильсон есімді азамат Nokia-ның Фейсбуктағы парақшасына мынадай оқиғаны жазады: Ол үш ай бұрын жоғалтып алған Lumia 800 телефонын өзен түбінен тауып алады. Телефон екі тастың ортасына бастырылып қалыпты. Олжасына қызыққан азамат телефонды алып кірден тазартады да, үйіне алып келеді. Барлық құрылғыларын жақсылап тазартып, кептіру үшін радиаторға қояды.

Нильсон барлығын қайтадан біріктіргенде телефонның қайта жұмыс істеп тұрғанына қайран қалады. Онымен қоңырау шалуға болатындығына және дауыстың анық естілетініне, тіпті, камераның түсіруге икемді болғанына сенгісі келмей, бірнеше рет қайталайды. Батареясы да тамаша жұмыс істейді. Нильсон толық қуатталған батареяның екі күнге жететіндігін байқайды.

Айта кетейік, аталған смартфон сатылымдағы басқалар секілді су сіңірмейтіндердің қатарына енбейді. Су сіңірмейтін смартфондардың өзі су астында 30 минутқа ғана шыдай алады. Ал 3 ай су түбінде жату деген ғажайып оқиға емес пе?


Осы оқиғамен бөліскен Роджердің жазбасына Nokia өкілдері: "Ғаламат! Мынау тамаша оқиға! Өзіміз де аң-таңбыз! Бөліскеніңіз үшін көп рақмет!" деген жауап қалдырған.

Сіз қалай ойлайсыз? Бұл  Nokia-ның мықтылығы ма, әлде бір тылсым күштің әсері бар ма?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:byaki.net