Күннен қуат алатын велосипед (видео)

Күннен қуат алатын велосипед (видео)

Көптеген мемлекеттер адам денсаулығын сақтандыру мақсатында таза ауада серуендеуге мүмкіндік жасауда. Соның бір жолы ретінде жаяу немесе велосипедпен жүруге қолайлы мүмкіндіктер қарастыру үстінде. Осындай игі бастаманың нәтижесінде велосипедтің жаңа түрі дүниеге келді.  

Электро-велосипедтің өте ерекше концепциясын Mojtaba Raeisi есімді дизайнер ұсынып отыр. Оның велосипедінің аккумуляторы күннен қуат алады. Яғни велосипед күннің энергиясымен жүреді. Бұл велосипедтің дөңгелегінде сым (спиц) тартылмаған, оның орнында күнге арналған жалпақ панель бар. Велосипедтің дөңгелегінің дискісінде орналасқан қуат алғыш, 30 градусқа дейін бұрылып, айналып тұра алады.

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: 24gadget.ru

Ш. Талап