Дарынды бала қалай дүниеге келеді?

Дарынды бала қалай дүниеге келеді?

Баланың талантты болуы оның қанынан дариды, ата-бабадан көшеді деген таным-түсінік болса да, әлемді аузына қаратқан таланттардың бәрі де ақсүйек отбасыдан шыққандар емес. Бүгінгі күнде баланың талантты болып өсуіне кедергі болатын дүниелер көп.

Бірінші, теледидар

Қазір екі жастан асқан 30% баланың жатын бөлмесінде теледидар бар, екі жастан төмен 59% бала күніне екі сағат теледидар қарайды. АҚШ балалар ауруы қоғамы: «Сәбилер және оқу жасындағы балаларды теледидардан аулақ ұстау керек» деген ескерту айтады. Балалар тілін зерттеуші ғалым Роберт былай дейді: «Теледидардың балалық дәуренге ешқандай пайдасы жоқ, керісінше олардың білім қабілетіне зиянын тигізеді, үлкен мидың жетілетін уақытында ми жетілмей қалады, дәл сол уақытты олар басқалармен әңгіме-дүкен құруға арнауы керек» деген пікірде.

Екінші, сәбиді ана сүтімен асырамау

Сәби кезінен тартып ана сүтін емген балалар алты жасқа келгенде ақыл-қабілеті ана сүтін ембеген балаларға қарағанда жоғары болады. Мамандар: «Балаларының ақылды болуын ойлайтын аналар өз сәбилерін міндетті түрде сәби күнінен бастап ана сүтімен өсіруі керек. Ана сүті әрқандай азықтыққа қарағанда баланың үлкен миы мен өзге де ағзаларының дамуын жеделдетеді» дейді.

Үшінші, музыка

Пианино немесе өзге де музыкалық құралдарда ойнай алатын балалардың сөйлеу және басқа да қабілеттері музыка аспаптарында ойнай алмайтын балаларға қарағанда 15% жоғары болады екен. Зерттеу нәтижесі бойынша сөйлеу қуаты мықты балалардың ақылы да өзгелерден көп болатыны дәлелденген. Бірақ, ақылды балалардың музыкалық дарыны жоғары бола ма, жоқ әлде музыка балаларды ақылды ете ме? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ.

Төртінші, сабырлылық

Тағатсыз балалар мен сабырлы балаларды салыстырғанда, сабырлы баланың SAT (АҚШ балаларының үйрену нәтижесін анықтайтын емтихан) жүйесіндегі нәтижесі тағатсыз балаға қарағанда жоғары болған.

Бесінші, оқу

Үйінде кітап жоқ балалар мен үйінде кітабы көп балаларды салыстырғанда, отбасында кітап көп балалардың мектеп бітіру нәтижесі 36%, ЖОО тәмәмдау нәтижесі 19% жоғары болады екен. Егер кітапсыз балалардың ата-анасы сауатсыз болса бұл айырмашылық тіпті де көп болады.

Алтыншы, темекі тарту

Ана жүкті кезінде шылым шексе баласының кемтар туылу салыстырмасы бес есеге жоғары болады екен. «АҚШ медицина журналы» жариялаған мәліметте: «Әйелдер жүктілік мезгілінде темекі тартса одан туылған баланың 14%-ның ақылы 70% төмен болады екен, 38%-ның өсіп-жетілуі артқа шегінеді екен» деп жазылған. Балам білімге құмартып, талантты болсын десеңіз темекіден аулақ болыңыз.

Жетінші, семіздік

Дене ауырлығы асқан балалардың бүкіл әлем бойынша білім қабілетін сынау емтиханындағы нәтижесі дене салмағы қалыпты балаларға қарағанда 11% төмен болған. Білім алу мен үлгерім, спорт жағындағы олардың белсенділігі қалыпты балаларға қарағанда өте төмен, сондықтан олардың қалыпты өсуіне жай қарамаған дұрыс.

Сегізінші, оттегін сіміріп жаттығу

Үнемі таза оттегін қабылдап тұрған балалардың қабілеті 100% артады. Биолог Иохан Мидана «Балалардың үлкен ми тәртібі» атты кітабында: «Балалардың өсіп жетілуін жігерлендіретін тұрмыс тәсілі балаларға жасалған сыйлықтардың ішіндегі ең жақсысы» деген пікір айтады.

Тоғызыншы, дайындық сыныбына беру

Дайындық сыныбынан өткен балалардың мектеп кезіндегі нәтижесі жай балаларға қарағанда 52% жоғары болады екен. Бұл зерттеу нәтижесі балаларды екі топқа бөліп, бір топты 3-4 жасқа келгенде дайындық сыныбына беріп, келесі бір тобын дайындық сыныбына оқытпай, сол күйінде оларды 27 жасқа келгендегі күйлерін санаққа түсірген. Сонда, дайындық оқыған балалардың басындағы үй-мүлік саны оқымағандарға қарағанда бес есеге көп болған. Қылмыс өткізу салыстырмасы оқымаған балаларда екі есеге, есірткі шегу салыстырмасы сегіз есеге көп болған.

Оныншы, ерте үйлену

20 жасында үйленіп балалы болған отбасындағы баланың ақыл-ойы 40 жасында үйленіп ұрпақ сүйген ата-ананың баласына қарағанда 3%-6%-ға жоғары болған. Ата-анасы үлкен балаларда писхологиялық ауытқулар мен жалғызсырау және жүйке аурулары көп пайда болады екен.

Он бірінші, әрекет

Цирк ойыны арқылы балалардың үлкен миындағы сұр затты 3%-ға арттыруға болады. Көп әрекет жасау мен спорт баланың миын жетілдіруге пайдалы.

Он екіншісі, сөздік қоры

Ең төменгі тұрмыс қаражатын алатын отбасындағы баланың сөздік қоры жай отбасыға қарағанда ¼ болады. Бұл үйдегі бала жылына 3 миллион сөз естісе, қалыпты отбасындағы бала жылына 6-11 миллион сөз естиді екен. Осы нәтиже бойынша қарағанда алдыңғы жанұяда үш жасқа келген бала 500 сөз білсе, дәл осы жаста қалыпты отбасындағы бала 750-1110 сөз біледі екен.

Он үшінші, шетел тілі

Екі шет тілін білетін баланың SAT емтихан жүйесіндегі нәтижесі шет тілін үйренбеген балаға қарағанда 14% жоғары екен. Шет тілін үйренудің уақыты ең кемінде бір жылдан асса ғана оның нәтижесі көріне бастайды.

Он төртінші, компьютер ойындары

Компьютер ойынын көп ойнайтын баланың оқу нәтижесі бұға қатысы жоқ балаға қарағанда 9,4% төмен болады екен.

Он бесінші, дәрі-дәрмекті көп пайдалану

Ғалымдар жеті жастағы балалар мен олардың аналарына зерттеу жүргізу арқылы дәрі-дәрмекті көп пайдаланған және егістікке қолданылатын дәрілерді ауа арқылы жұтқан аналардың балалары қалыпты балаларға қарағанда төмен болатынын анықтады.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: thehellopledge.com, soso.com 

M. Auelkhan