Смартфонды басқаратын қолғап шықты

Смартфонды басқаратын қолғап шықты

"Beartek" компаниясы Android және iOS смартфондарын Bluetooth модулі арқылы басқаратын қолғап жасап шығарды.

Компания жасап шығарған қолғабын көпшілікке үш нұсқада ұсынбақ. Оның біріншісі мотоцикл жүргізушілеріне арналмақ. Қозғалыс сәтінде смартфонды басқару мотоциклші үшін оңай емес. Сондықтан "145 долларды құрайтын қолғап жүргізушінің жолда жүру кезінде таптырмас құралы" дейді компания қызметкерлері. Екінші нұсқасы - суық күндері қолыңызды жауратпай қолғап арқылы смартфонды басқаруға арналғаны. Мұның құны 120 долларды құрайды. Ал үшіншісі қарапайым, кез келген уақытта пайдалануға болатындай етіп жасалмақ. Бұл 95 долларды құрап отыр. Смартфон Bluetooth арқылы қолғап саусақтарының маңына орналасқан түймелермен басқарылады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: 24gadget.ru

Ө. Сансызбай