Маржандар сөйлесін...

Маржандар сөйлесін...

Ерте замандарда жаңбырдың ең алғашқы тамшысы теңіз иіріміне түседі де күн сәулесі оларды кептіріп жібереді және осыдан маржан тастар пайда болған деген болжам бар. Дәл осылай Үнді аңызы сыр шертеді. Олардың маржандар құрабақалардың басында немесе бұлттарда пайда болды деген нұсқалары да бар. Бүгінде маржан – нәзік жандылар қауымының ең сүйікті тастарының біріне, тіпті, бірегейіне айналып отыр. Ендеше, маржан тастарды сөйлетіп көрейік:

Ерте замандарда өлім жазасына кесілген (у ішіп өлтіру) адамдар шараптарға бір түйір маржан тасын салған екен.

Маржан – өңдеуді қажет етпейтін жалғыз бағалы тас.

Маржанды ең алғаш рет белсенді қолданған халық – қытайлықтар. Олар тасты осыдан 42 ғасыр бұрын таныған. Әрине, бастапқы кезде әшекей бұйым ретінде емес, ақша орнына жұмсалды. Маржан арқылы елдің әлеуметтік жағдайы да анықталды.

Маржандар ешқашан бітісіп кетпейді. 

"Құдай маржаны" – әлемдегі ең үлкен маржас тас. Оның салмағы – 6,35 келі, диаметрі – 238 миллиметр. Шамамен 32 000 карат болады.

"Палавана ханшайым" – әлемдегі екінші ең үлкен маржандардың бірі. Ол 2009 жылдың желтоқсан айында бәссаудаға тігілді. Салмағы – 2,3 келі, диаметрі – 150 миллиметр.

Коко Шанель маржанды бағалаған және қатты құрмет тұтқан. "Маржан әрқашан орынды" деген сөзді айтқан да осы сән анасы екен. Ол бұл арқылы маржанның кез келген әйелге жарасатындығын, әрқашан сәнге сән қосып тұратындығын айтқысы келді.

Ежелгі гректер маржан тастар ұрыс-керісті жеңіп, отбасы бақытын күзетеді деп сенген екен.

Бір кездері Мария Медиче өзінің баласы XVІІІ Людовиктің тойында 30 мың маржаннан тігілген салтанатты көйлек киген.

Табиғатта маржанмен үйлесетін 8 дүние бар: батырма, тамшы, алмұрт, сопақ, жарты дөңгелек, дөңгелек, дұрыс емес пішін және кеңістік.

Маржан түсі – қара және ақ, бірақ сары, алқызыл түстері де кездеседі.

Аңыздарға сенсек, Семирамида патшайым маржаннан жасалған әшекей бұйымдарды қатты жақсы көрген екен, олар мерекелерде ашық қызыл түсті маржандардан тігілген көйлек киген.

Клеопатра Марк Антониоға әлемдегі ең қымбат кешкі ас дайындау керек болады. Ол шарап құйылған шыныаяққа алмұрт пішінді маржан таста салады да, Цезарьдің көзінше ішеді. Клеопатра жеңіске жетті.

Ұлыбритания патшайымы І Елизаветаның алқасы мыңнан астам маржан тастан жасалған.

Ерте кездерде маржанды тазарту үшін тауыққа жегізген, кейіннен тауықты сойып, ішіндегі тасты пайдаға асыра берген.

"Ең бағалы маржан" атағын "Регент" маржаны иемденіп отыр. Ол жұмыртқа пішіндес келеді. Сондай-ақ оны Бонапарт отбасының маржаны деп те атап жатады. Наполеон оны 1811 жылы болашақ әйелі Мария Луиза сатып алған. 2005 жылы маржан 2,5 млн. долларға сатылып кетті.

Дені сау адам маржан тастан әшекей бұйымдар тақса, маржан жарқырап тұрады, ал ауру адамның маржаны күңгірттеніп кетеді.

Ерте кездерде махаббат мен адалдық әкеледі деген ниетпен үйлену тойларға ақ маржан сыйланатын болған.

Маржан медицинада ыстықты түсіретін және қояншық ауруын жеңетін емдік құрал ретінде қолданылады.

Маржан күн жарығын, аэрозольді, жындарды, темекі түтініе, косметиканы, терді көтермейді және ол қожайынға байланысты құбылады (кейде жарқырап, кейде күңгірттеніп кетуі мүмкін). Көп тағылмаған сайын жақсы қасиеттерін жоғалта бастайды.

Сіздің маржан тастардан жасалған бұйымдарыңыз бар ма?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com