Өзгенің хатын ашқан өлім жазасына кесіледі

Өзгенің хатын ашқан өлім жазасына кесіледі

Бүгін әлем халықтары Бүкіләлемдік пошта күнін атап өтіп отыр. Ендеше, біз де мерекеге ат салысу мақсатында хат туралы бірер сөз қозғайық. Назарларыңызға хат туралы тарих беттеріндегі ең қызықты деректерді ұсынамыз.

Алашқы қадамдар:

Хаттың ең көне және ең қарапайым түрі палеолит дәуірінде пайда болды. Олар "суреттегі әңгімелер" аталып кеткен пиктографиялық хаттар. Тастағы суреттерді оқу кез келгеннің қолынан келе бермейтіндіктен, көптеген ғалымдар оны хат деп мойындай бермейді.

Адамзат өркениетінің ең үлкен жетістігі – буын жүйелі хат. Хаттың бұл түрі б.з.д. III-II мыңжылдықта пайда болған. Ең алғаш қолданушылары – Жерорта теңізінің шығысын мекендеушілер. Бұл жүйені Үндістанда, Эфиопияда әлі күнге дейін пайдаланады екен.

Месопотамияда саз балшықтан бәрін де: үйді қалады, ыдысты және басқа да тұрмыстық заттарды, ойыншықты, тіпті қолжазбаны да жасады. Балшықтан жасалған кестеге хаттарды, елшілік хаттарды, ресми келісім-шарттарды, бұйрықтарды түсірген. Олар жоғары температураларды жақсы көтеретіндіктен Вавилон мен Ассирияда саз балшықты кітаптар қойылған кітапханалар сақталып қалған.

Египет тұрғындары жасап шығарған папирус туралы бәрі біледі. Ең ерте табылған папирус б.з.д. 3100 жылдарға жатады. Бұл атау көптеген тілдерде осылай сақталған, ал Германияда, Украинада "papier", ағылшындарда "paper" делінеді.

Александрия кітапханасында папирус орнына пергамент қолданылған. Ол жас қозылар мен лақтардың жұқа терісінен жасалды. Мәселен, бір қозының терісінен 7-8 бет кітап беттерін әзірлеуге болады екен.

Көптеген тарихшылар ең алғашқы қағазды 105 жылы Цай Лунь жасады дегенді айтады. Ол жібек талы мен бамбуктен дайындалған. Ал таяуда ғана қытайлық зерттеуші ғалымдар қағаз Цай Лунь өмір сүрген ғасырдан бұрын пайда болды деген тұжырым айтты. Сонау VІІІ ғасырдың өзінде арабтар, одан кейін Византия тұрғындары қағазды қолданған екен.

Ерте кезде сия күйеден, емен жаңғағынан және арнайы теңіз құртының қалталарында болатын сиялардан, ағаш үгінділерінен, қара майдан алынған. Хаттың алғашқы абзацы немесе алғашқы сөзі қызыл сиямен жазылған. 

Ең алғашқы толыққанды хат 607 жылы жазылған. Жіберуші – Жапон императоры, алушы – Қытай императоры.

Санта-Клаус Рим Папасынан кейін ең көп хат алатын адресат саналады. Сантаның пошталық қызметінде 3 000 адам жұмыс істейді екен.

Лондондық пошта бөлімшелері Шерлок Холмсқа жолданатын хаттарды әлі күнге дейін қабылдайды. Мекен-жайы Бейкер көшесі, 221Б.

Моцарттың жақын жолдастарының бірі өте әзілқой болған екен. Ол Моцартпен әзілдеспек ниетпен, өте үлкен көлемдегі түйіншекке кішкентай ғана қағаз салады. Онда: "Қымбатты, Вольфанг! Мен аман-есенмін!" деп жазады. Бірнеше күннен кейін, қалжыңбас досына алып қорап жіберіледі. Ашса, ішінде өте үлкен тас бар екен. Тасқа: "Қадірлі, досым! Мен сенің хатыңды алғанда, осы ауыр тас жүрегімнен құлап түсті" деп жазыпты.

Егер сіз Солтүстік Кипрдегі досыңызға немесе туысыңызға хат жазғыңыз келсе, оны Түркияға жолдайсыз.

XVII-XVIII ғасырда Англияда мұхит бөтелкелерін ашатын арнайы қызметкерлер болған. Олардан басқа ашқан адамдарға өлім жазасы кесілген.

Әлемдегі ең ұзақ хаттың авторы – Хоссеин Мохаммад Декхани. Ол хатында ұзақ уақыт үнсіз қалған досын айыптаған. Оны 13 ай бойы (күніне 4 сағаттан) жазған екен. Жалпы көлемі – 150  метр, салмағы – 2 келі.

Тарихтағы ең қысқа хаттың авторы – Виктор Гюго. Ол өзінің оқырмандарының романды қалай қабылдағанын білу үшін баспаға хат жолдайды. Хатта тек қана сұрау белгісі (?) бар. Баспахана қызметкері жауап хат тек қана леп белгісін (!) қойған.

XVIII француздық пошта бөлімшесіне мекен-жайсыз және адресат есімінсіз бір хат келеді. Онда: "Ақындардың патшасына, халықтың философына, Еуропаның Балпанына (Меркурий), отанның шешеніне, патшалардың тарихшысына, батырлардың мадақшысына, талғам бойынша жоғары сотқа, өнердің киесіне" деген жолдар жазылған. Қызметкерлер оны хатта көрсетілген бағыт бойынша Мари Франсуа Аруэ де Вольтерге тапсырады.

Ең көп данамен таралған хат –  Колумбтың Испан патшайымына жолдаған хаты. Ол хатта өзінің ашқан жаңалықтары жайлы баяндаған. 1992 жылы хаттың мерейтойында жазба әлемнің 500 тіліне аударылды.

1985 жылдың 23 наурызында "Правда" газетінде Саратов облысының жұмысшысы Расианың ашық хаты жарияланады. Қазір бұл хатты еске алатындардың қатары өте аз. Хат мынадай жолдармен аяқталған: "Біз Маскүнемдікті жеңе аламыз және жеңу керекпіз..."

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com