Жетінші аспанның биіктігі қандай?

Жетінші аспанның биіктігі қандай?

Жетінші аспанның биіктігі қандай? (Ағылшын тілінде жетінші аспан «seventh heaven» немесе «cloud nine» , яғни «тоғызыншы бұлт» түрінде дыбысталады). Демек, бұлттар жайында сөз қозғаймыз.

Халықаралық бұлттар атласында ең биік бұлт – Бұлт 0. Жалпы жұртқа «шарбы бұлт» (циррус) ретінде белгілі қаз бауыр бұлттың биіктігі 12 мың метрге дейін жетуі мүмкін.

Тоғызыншы бұлт – түйдек-жауынды (кумулонимбус), найзағайлы жаңбырдың нышаны. Кумулонимбус ең төменгі шкалада орналасып, стратосфераға дейінгі (шамамен 15 мың метр) жүздеген метрге жуық аралықты алып жатқан бірден-бір бұлт.

«Жетінші аспан» немесе «тоғызыншы бұлт» идиомалық тіркестері белгілі бір негізге сүйенгеннен пайда болуы ғажап емес. Жетінші, сегізінші, тоғызыншы бұлттар – бәрі де ресми тіркелгені. Адамзаттың соңғы тоқтамы осы тоғыз саны. Сондықтан да тоғыз саны біреулерге бақыт саны болып көрінер. Алайда мұны терістейтіндер де табылады. Неге десеңіз, үлкен мамық бұлттың үстінде жамбастай жатып өмірдің рахатын сезінем деу мүмкін бе?

Халықаралық бұлттар атласы алғаш рет бұлттар жөніндегі комитеттің халықаралық атаулар жүйесімен келісе отырып, бұлт түрлері атауларын жалпыға бірдей ету мақсатымен, 1896 жылы, Халықаралық метеорологиялық конференциядан кейін басылып шықты.

Ағылшын химигі Люк Хауардтың (1772-1864) 1802 жылы жарық көрген «Бұлттар модификациясы туралы эссесінде» танылған он категория жинақталды.

Хауард еңбегіне әсерін тигізген жеке тәжірибесі болды: балалық шағында 1783 жылы кездескен ауа-райы ауытқушылығы, яғни Жапония мен Исландияда болған вулкан атқылауы салдарынан Еуропаның басым бөлігін «Үлкен тұман» басты.

Хауардтың еңбегі Джон Констебл, Д. М. У. Тернер, Каспар Давид Фридрих секілді пейзажистерді шабыттандырды. Гете Хауардтқа «бұлттардың кіндік әкесі» деп атайтын төрт арнау өлеңін жазды.

Бұлт жауын тамшыларынан немесе мұз кристалдарынан жинақталып құралады. Бұл тамшылар мен кристалдар жердегі түтін мен тұз секілді суды буландыратын кейбір заттардың кішкене бөлекшелерінің әсерінен аспанға көтеріліп, бұлтқа айналады. Ғалымдар оны «конденсация өзегі» деп атайды.

Шарбы бұлт – негізі мұздан тұратын аспандағы бірден-бір бұлт. Ол жер бетінің температурасын реттеуге қатысады. Көп жағдайда олардың түзілуіне реактивті ұшақтардың конденсацияланған іздері себеп болады.

2001 жылғы 11 қыркүйектегі трагедияға байланысты әуе қатынасы толығымен шектелді. АҚШ-тағы күндізгі температура өзгерісі келесі 48 сағат ішінде 30С -қа дейін өсті. Себеп – шарбы бұлт қорғанысының азаюы әсерінен түнгі уақытта жылылық мөлшерінің артуы мен күндіз күн сәулесінің әуелгіге қарағанда анағұрлым көбірек түсуі.

Сурет: namys.kz 

Л. Лига