Телефон нөмірлерін ойлап тапқан кім?

Телефон нөмірлерін ойлап тапқан кім?

Естеріңізде болса, біздің редакция дүниежүзіндегі алғашқы телефондық аппаратты ойлап тапқан Александр Белл жайлы қызықты материал жариялаған болатын. Енді осы телефондық құрылғыға қоңырау шалу үшін не керек? Иә, әрине, телефон нөмірі қажет. Бүгінгі әңгімеміз түкпір-түкпірді тілдестірген телефондық нөмір жайлы болмақ. 

Нөмірді теру мен оған арналған автоматты коммутаторға патент 1891 жылы Канзас-сити қаласының тұрғыны Элмон Строуджерге берілген болатын. Өнертапқышnтың телефонияға ешқандай байланысы жоқ еді. Строуджер Канзас-сити қаласының бірінде орналасқан жерлеу бюросының бірінде директор қызметін атқарып жүрген. Элмонның қаржылай жағдайы мәз емес болатын. Оған келіп түскен тапсырыстардың көбі телефондық байланыспен келіп түсетін. Ал телефондық станцияда оның басты бәсекелесінің жары телефонист қызметін атқарған екен. Телефонист маманы барлық абоненттердің қоңырауларын өзінің жарына бағыттап, Элмонның банкроттыққа тап болуына себепші болды. Қаржылай тығырыққа тақалған Строуджер, жер бетін телефонист мамандарының қызметінен босататын құрылғыны ойлап табатынына ант беріп, техно жабдықтың құрылысын бастайды. Оның ойлап тапқан құрылғысы әр абонентке үшінші біреудің көмегінсіз бір-біріне қоңырау шалу мүмкіндігін беретін. Строуджердің ойлап тапқан коммутаторы қолданысқа 1892 жылы еніп, "бойжеткеннің көмегін талап етпейтін телефон" деген атауға ие болған. Бұған қоса, Строуджер нөміртергіш құрылғысын ойлап тапқан. Естеріңізде бар болса, нөміртергіш сандары жазылған дөңгелек формалы диск болып табылады.

Сурет: http://i-fakt.ru